Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібі «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173).

Көрсетілген Қағидаға сәйкес жыл ішінде талапкерлер үшін ҰБТ-ны жылына 5 рет өтуге мүмкіндік беріледі.

ҰБТ тапсыру кезеңдері:

1) 10 қаңтар – 10 ақпан.

Тестілеу нәтижесі жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды;

2) 1 наурыз –  6 сәуір.

Тестілеу нәтижесі жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды;

3) 10 мамыр – 10 шілде

Бұл ҰБТ нәтижесі республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды

4) 10 – 20 тамыз.

Тестілеу нәтижесі жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды.

Азамат білім грантына қатысу үшін 10 мамырдан 10 шілдеге дейін ҰБТ тапсыруға тіркелген.

Алина ақылы оқуға түсу үшін 1 наурыздан 6 сәуірге дейін ҰБТ тапсырады.