Құрылым
Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Техникалық және кәсіптік білім департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады. Сондай-ақ ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарының негізінде жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған сапалы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді алуы үшін жағдай жасауды жүзеге асырады.
Директор:
Қасымова Ақзира БақтыбайқызыТелефон:
8-7172-74-24-64Мектепке дейінгі білім беру департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және мектепке дейінгі білім беру саласында басшылықты жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Министрліктің құзыретіне жататын бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысады; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту үшін стратегиялық бағыттарды айқындайды; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты үйлестіреді.
Директор:
Искакова Гульнар ҚайроллақызыТелефон:
8 71 72 74-25-26Электрондық пошта:
g.iskakova@edu.gov.kzТәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті
Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; жеке тұлғаның интеллектуалдық, шығармашылық және физикалық мүмкіндіктерін дамытады, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастырады, даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы интеллектіні байытады; жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін жағдай жасайды.
Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті
Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент инклюзивті білім беру басқармасы және арнайы білім беру басқармасынан тұрады.
Инклюзивті және арнайы білім беру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастырады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, барлық деңгейлерде инклюзивті және арнайы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті
Инфрақұрылымдық дамыту департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастырады және оны әдіснамалық сүйемелдейді; Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастырады (ғимараттарды, құрылыстарды салу, реконструкциялау, жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу); Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізеді және дамытады; Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы мәселелері бойынша Үкіметтің Ұлттық жобалау кеңсесімен, Министрліктің жобалау Кеңсесімен өзара іс-қимыл жасайды.
Директор:
Әбсадықов Айқожа АхметжанұлыТелефон:
74-15-42Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті
Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Министрлік құзыретіне жататын мемлекеттік саясатты құру және салаларды дамытудың басым бағыттарын анықтау бойынша Министрліктің басшыларына ұсыныстарды әзірлеп, енгізеді;Министрліктің білім және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жоспарлап, анықтайды және оны Министрлік басшыларына келісуге енгізеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету департаменті
Ақпараттық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бөлімшесі болып табылады.
Құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру және іске асыруға қатысу және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары арасындағы өзара
іс-қимылды қамтамасыз етеді; Министрліктің ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастырады; оң имиджді және қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында Министрліктің және оның басшылығының қызметін жедел ақпараттық жария етуді ұйымдастырады; Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің мемлекеттік құпияларға және қызметтік пайдалануға арналған құжаттарға жатпайтын сұрақтар бойынша толық және объективті мәліметтер алуға бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрі – БАҚ) жәрдем көрсетеді.
Персоналды дамыту және басқару департаменті
Персоналды дамыту және басқару департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Министрлікте персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастырады: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз етеді; Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастырады; Білім саласы персоналын басқарудың тұтас жүйесін қалыптастырады.
Директор:
Шыныбаева Махабат АкжоловнаТелефон:
74-18-50Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті ақпараттандыру және есептеу кешендерін және телекоммуникациялық жүйелерді, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік техниканы және Министрлікте, Комитеттерде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда деректерді беруді жаңғырту үшін техникалық тапсырмаларды сараптамалық бағалауды немесе ұсынуды қамтамасыз етеді, министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттандыру және цифрландыру саласында бірыңғай саясатты жүргізеді, министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарды үйлестіреді, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыру, оңтайландыру және реинжиниринг жасайды.
Бақылау және өтініштермен жұмыс департаменті
Бақылау және өтініштермен жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Министрліктің және құрылымдық бөлімшелерінің құжат айналымының бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру, жоғары мемлекеттік органдар құжаттарының уақтылы орындалуына бақылауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты белгілеген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға дайындау және беруді жүзеге асырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету, өтініштер бойынша құжат айналымының орындалуын есепке алу және талдау, Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын жүзеге асырады; Министрлік алқаларының, Министрде өтетін аппараттық кеңестердің жұмысын және өзге де іс-шараларды ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етеді, орталық аппараттың қызметін ұйымдастырады және материалдық-техникалық қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдайды; ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында талдайды, бағалайды және тексереді.
Заң департаменті
Заң департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген құрылымына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; министрліктің құқықтық актілерінің, сондай-ақ Министрлікке басқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін құқықтық актілердің жобаларын олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан зерделейді; Министрліктің құзыретіне кіретін құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын қорытады; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органда құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастырады; жобаларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да нысандарды іске асыру арқылы Министрлікте, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында парасаттылық инфрақұрылымын қалыптастырады.
Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті
Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді; есептерді қалыптастырады және дайындайды; бухгалтерлік есепті ұйымдастырады; мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастырады және өткізеді; мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды ұйымдастырады.
Директор:
Досжанов Нурлан ЖарылхасыновичТелефон:
74-22-22Бюджеттік жоспарлау департаменті
Бюджеттік жоспарлау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін тиімді қалыптастыру және мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу саясатын жүргізеді.