Құрылым
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК
Балаларға қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту, олардың зияткерлік, адамгершілік, дене бітімін жетілдірудегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру, балалардың қоғамдағы өмірге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.
Мақсаты бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-мазмұндық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарымен балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту тәсілдерін жетілдіру арқылы балаларға қосымша білім беруді дамыту болып табылады.
Ресми сайтқа сілтеме: https://www.ziyatker.org
Директордың м. а.:
Жумабаев Мэлс СакенулыТелефон:
+7 7172 64-75-94Электрондық пошта:
mprkrumcdo@gmail.com"Өркен" балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты"
"Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының" қызметі Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың драйвері болуға, қазақстандық балалардың әл-ауқатының деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін арттыруға ықпал етуге бағытталған.
Ресми сайтқа сілтеме: https://orken-instituty.kz/kz
"Республикалық физика математика мектебі" КЕАҚ
Мектеп математика, физика, информатика және басқа да STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағдарламаларына маманданған білім алушыларға күні бойы Негізгі және қосымша білім беруді интеграциялауды қамтамасыз етеді. 2016 жылдың желтоқсанында Мектеп мамандандырылған STEM мектептерінің Халықаралық Консорциумына кірді.
Ресми ресурсқа сілтеме: https://almaty.fizmat.kz/
ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттiк мекемесi
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіндегі коммерциялық емес ұйым болып табылады. Ол мектепке дейінгі ұйымдар көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдістемелік қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.
Ресми сайтқа сілтеме: http://irrd.kz/?lang=kz
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің ««Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Ресми ресурсқа сілтеме: https://baldauren.kz/kk
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК
Үздіксіз білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру қызметін іске асыратын көпсалалы ұйым: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру.
Ресми ресурсқа сілтеме: https://www.bobek.kz/kz/#bobek
Директордың м. а.:
Касенова Гульнара ПазылжановнаТелефон:
+7 (727) 299-76-50Электрондық пошта:
bobek_1@mail.ru«Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана» ММ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу және әдістеме әдебиетінің республикалық негізгі қоймасы, білім беру жүйесі кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге жауап беретін, білім беру саласының барлық кітапханалары үшін ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы болып табылады.
Ресми сайтқа сілтеме: https://rnpb.kz/
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» ММ
Толығырақ«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ
«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 1992 жылдың наурыз айының 31-ндегі ҚР-ның Министрлер Кабинетінің № 305 Қаулысы және ҚР-ның Білім Министрінің 1992 жылдың сәуір айының 30-ндағы «Ақыл-ой және дене дамуында ақаулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалтудың Республикалық орталығын құру туралы» № 200 Бұйрығына негізделе отыра құрылды.
Ресми ресурсқа сілтеме: https://special-edu.kz/kz/
"Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" РМК ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі №405 Қаулысына сәйкес құрылды.
Білім мазмұнын бағалау, оқулықтарды, электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және сапасын бағалау технологияларын әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді.
Ресми ресурсқа сілтеме: https://bmso.kz/
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы 19 мамырдағы № 766 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы қаулысымен құрылды. Мектеп жасына дейінгі балалар, оқушы және студент жастар арасында дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми және практикалық қызметті жүзеге асырады.
Ресми сайтқа сілтеме: https://www.nnpcfk.kz/index.php/kk/
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» РМҚК
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы – білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми орталық.
Ресми сайтқа сілтеме: https://uba.edu.kz/ru
Басқарма төрағасы:
Төребекова Зүлфия Темірханқызы«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының миссиясы – Қазақстанның дарынды балалары мен дарынды жастарын анықтау, дамыту және кәсіби қолдау болып табылады.
Орталық мақсаты – еліміздегі дарынды балаларының әлеуетті мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту және іске асырудың бірыңғай заманауи жүйесін құру.
Ресми ресурсқа сілтеме: https://daryn.kz/kk/sample-page/
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ
Орталық Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мониторингтеу, талдау және бағалау мақсатында құрылған. Кейін Орталықтың қызметі білім берудің барлық деңгейлері бойынша, оның ішінде ЭЫДҰ-ның елдік шолуларын қамтамасыз ету бойынша талдамалық және ғылыми зерттеулер өткізумен тереңдей түсті.
Ресми сайтқа сілтеме: https://taldau.edu.kz/kz/taldau-ltty-zertteuler-zhne-bilimdi-baalau-ortalyy
Басқарма төрағасы:
Елеусінова Гүлжайна ЖақсылыққызыТелефон:
+7 (7172) 72–96–72Электрондық пошта:
info@taldau.edu.kzҚР ОАМ «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы
«Өрлеу» БАҰО АҚ басты қызметі - әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру.
Ресми ресурсқа сілтеме: www.orleu-edu.kz
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту саласындағы негізгі компания болып табылады. Біздің миссиямыз білім беру мен кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық тәсілдерді құру және енгізу, сондай-ақ WorldSkills International (WSI) сияқты халықаралық бастамаларға белсенді қатысу болып табылады.
Ресми сайтқа сілтеме: https://talap.edu.kz/?lang=ru