Құрылым

Қауіпсіздік департаменті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қауіпсіздік департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай саясаты және ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74 30 83

Электрондық пошта:

n.erdisov@dsm.gov.kz

Экономика және қаржы департаменті

Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бюджетін қалыптастырады және бюджеттік бағдарламалардың уақтылы қаржыландырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді

Толығырақ

Ішкі аудит департаменті

Ішкі аудит департаменті ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асырады, оның міндеттері Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдарының мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8(7172)74-16-46

Электрондық пошта:

e.aubakirov@dsm.gov.kz

Ғылым және адами ресурстар департаменті

Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның міндеттеріне Денсаулық сақтау және менеджмент саласындағы кадр ресурстарын басқару мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында және мейірбике ісін дамыту саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және инновациялық қызметті дамытуды қамтамасыз ету кіреді.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-29-77

Электрондық пошта:

f.erzhanova@dsm.gov.kz

Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті

Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.   

Департамент:

1) Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан;

2) Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармадан тұрады.

Толығырақ

Телефон:

74-31-01

Электрондық пошта:

g.mukhanova@dsm.gov.kz

Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті

Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті:

1) аналар денсаулығын сақтау басқармасынан;

2) балалар денсаулығын сақтау басқармасынан;

3) балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту басқармасынан;

4) мектепке дейінгі және мектеп медицинасы басқармасынан  тұрады.

Департамент аналардың денсаулығын сақтау және әйелдердің ұрпақты болу денсаулығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады; 0-ден 17 жасқа дейінгі нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде Балалар мен жасөспірімдерді медициналық-әлеуметтік оңалтуды көрсету және жетілдіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады.

Толығырақ

Инфрақұрылымды дамыту департаменті

 Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

Департаменттің міндеттері: Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыру және Министрлік тапсырыс беруші болып табылатын денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жобаларын іске асыру, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саясатын қалыптастыру және іске асыру, Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізу.

 Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.

 Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

 Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

Осы мақсатта Директор:

1) Департамент орынбасарының және басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Департамент атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға және Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

Толығырақ

Телефон:

74-28-21

Электрондық пошта:

a.zhemakisheva@dsm.gov.kz

Активтер және корпоративтік басқару департаменті

Активтер және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік дамуды енгізуге әдіснамалық қолдау көрсету және Министрлікпен еңбек қатынастарында тұрған ведомстволық бағынысты ұйымдардың еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру.

Толығырақ

Телефон:

8(7172) 74-27-45

Электрондық пошта:

zhu.ramazanova@dsm.gov.kz

Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаменті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-28-24

Электрондық пошта:

a.kinayatov@dsm.gov.kz

Цифрландыру департаменті

Цифрландыру департаменті денсаулық сақтаудың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін цифрлық технологияларды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, техникалық сипаттағы шаралар жүйесін қалыптастырады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-32-81

Электрондық пошта:

a.abelgazinov@dsm.gov.kz

Стратегия және даму департаменті

Стратегия және даму департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Департаметтің құрылымы және штат саны Министрліктің жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен бекітіледі.

 

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-30-61

Электрондық пошта:

d.kobzhasarov@dsm.gov.kz

Персоналды басқару департаменті

Департамент Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

Департамент Министрліктің аппарат басшысына тікелей бағынысты.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-30-24

Электрондық пошта:

a.daurenbekov@dsm.gov.kz

Заң департаменті

Заң департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Департамент туралы ережені басшылыққа алады.

Департамент қызметінің негізгі бағыттарына Министрліктің норма шығармашылық қызметін үйлестіру, қабылданатын шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету, Министрлік қызметін құқықтық сүйемелдеу, сондай-ақ сот органдарында оның мүдделерін білдіру және қорғау жатады.

Департамент:
1) Құқықтық сараптама басқармасынан;
2) Құқықтық талдау және талап-арыз жұмысы басқармасынан;
3) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан тұрады.

Толығырақ

Әкімшілік жұмыс департаменті

Әкімшілік жұмыс департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері:

- Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігі, Парламент және Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының уақытылы орындалуын, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету.

- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау.

- Министрлік басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын үйлестіру және ұйымдастыру.

- Министрлікті материалдық-техникалық жарақтандыру және материалдық ресурстардың ұтымды және тиімді пайдаланылуын бақылау.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-28-01

Электрондық пошта:

i.bakirov@dsm.gov.kz

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Өз қызметінде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-29-06

Электрондық пошта:

l.shomanova@dsm.gov.kz

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Өз қызметінде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 75-07-20

Электрондық пошта:

q.sarsenbaeva@dsm.gov.kz