Артқа

Рамазанова Жулдыз Мейрамовна

Активтер және корпоративтік басқару департаментінің директоры

Жалпы ақпарат, білімі

1998 жылы Қазақ-Ресей университетін «Әлеуметтік сала мен салалардағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Мансап

Еңбек жолын 1998 жылы Павлодар облысының Экономика департаментіндежетекші маман лауазымынан бастаған.

Кәсіби қызметінде жетекші және бас маман, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

- 1998–2002 жылдар Павлодар облысының Экономика департаментінде жетекші және бас маман

- 2002–2006 жылдар – Павлодар облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы РМК-да бухгалтер, бухгалтер;

- 2006–2008 жылдар – жеке кәсіпкерлік қызмет;

- 2008–2012 жылдар – Павлодар облысының Ішкі саясат басқармасы, Павлодар облысы әкімі аппаратының бас маманы;

- 2012–2015 жылдар – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы;

- 2015–2018 жылдар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті мемлекттік сатып-алу басқармасының басшысы, департамент директорының орынбасары;

- 2018–2020 жылдар – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ активтер және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры;

- 2020 жыл – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті директорының орынбасары;

- 2021–2025 жылдар – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ бюджеттеу департаментінің директоры;

- 2025–2026 жылдар – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

- 2026 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Активтер және корпоративтік басқару департаменті директоры.

Жаңарту күні: