Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Ыдыстарға құйылған ауыз су – құрамы, формасы мен сыйымдылығы әртүрлі тұмшаланып жабылған тұтыну орамына (ыдысына) құйылған, бұдан әрі өңдеусіз тікелей пайдалану үшін қауіпсіз ауыз су.

         Кеден Одағының 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес ыдыстарға құйылған ауыз судың   қауіпсіздігі химиялық және тұздық құрамының көрсеткіштерімен, микробиологиялық, радиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштерімен, тұтыну орамы (ыдысы) және таңбалауымен анықталады.

         Ауыз су қаптаманың (ыдыстың) тұтастығы бұзылмайтындай және осы қаптаманы (ыдысты) жабатын құрылғысы ашылмайтындай  етіп оралуы керек. Ауыз суды өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу процесінде ауыз сумен жанасатын материалдар тамақ өнімдерімен жанасатын материалдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

        

Табиғи ауыз судың таңбалауында мынадай ақпарат болуы тиіс:

  • ауыз судың атауы;
  • дайындалып шығарылған мерзімі, жарамдылық мерзімі;
  • дайындаушының сауда белгісі;
  • ауыз суды дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;
  • ауыз судың көлемі;
  • «газдалған» немесе «газдалмаған»сөзі;
  • су алу орны туралы мәліметтер (өзеннің, көлдің немесе басқа су объектісінің атауы);
  • «негізгі құрам:» деген сөздер бұдан әрі табиғи ауыз судың химиялық құрамының элементтері және олардың санының шекті (ең төменгі және ең жоғары)мәндері (мг/л немесе мг/дм3) көрсетіледі;

сақтау шарттары және ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі– көлемі 5 л және одан көп тұтынушылық қаптамадағы табиғи ауыз су үшін;

  • Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс.