Жиі қойылатын сұрақтар
Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына бақылау жүргізу – Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметінің бір бағыты болып табылады.
Осы бағытта жұмыс жүргізу барысында Департамент төмендегі Кеден Одағы техникалық регламенттерін басшылыққа алады:
- КО ТР 021/2011
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»; - КО ТР 022/2011 «Тамақ өнімдері таңбалау бөлігінде»;
- КО ТР 023/2011«Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент»;
- КО ТР 024/2011 «Май өнімдеріне арналған техникалық регламент»;
- КО ТР 029/2012 «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»;
- КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- ЕАЭО ТР 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- ЕАЭО ТР 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, оралған ауыз судың қауіпсіздігі туралы»;
- ЕАЭО ТР 047/2018 «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 019/2011 «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 025/2012 «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы»;
- КО ТР 035/2014 «Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент».
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде Шымкент қаласындағы сауда орындарында сатылып жатқан азық-түлік өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған сынамалар негізінен таңбалау көрсеткіші бойынша сәйкес келмеген.
Бүгінгі күнде әрбір тұтынушы сатып алып жатқан тағам өнімі жөнінде және өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы. Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында немесе орамада таңбалау арқылы көрсетілуге тиіс.
Таңбалауда болуға тиісті ақпарат Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарында көрсетілген.
Тағам өнімдерін таңбалауда көрсетілуге тиісті мәліметтер:
- тағам өнімдерінің атауы;
- тағам өнімдеріне қатысты құрамы, тағам өнімдерінің мөлшері, тағам
өнімдерінің жасалған күні, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер;
- дайындаушының сауда белгісі;
- тағам өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ
осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;
- тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның
биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер;
- тағам өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
- тауар массасының шамасы, көлемі, саны;
- тағам өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып
алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі);
- Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің
айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс.
- тағам өнімдерін таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жазылуы тиіс.
Егер өнім қаптамасының сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.
Ыдыстарға құйылған ауыз су – құрамы, формасы мен сыйымдылығы әртүрлі тұмшаланып жабылған тұтыну орамына (ыдысына) құйылған, бұдан әрі өңдеусіз тікелей пайдалану үшін қауіпсіз ауыз су.
Кеден Одағының 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігі химиялық және тұздық құрамының көрсеткіштерімен, микробиологиялық, радиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштерімен, тұтыну орамы (ыдысы) және таңбалауымен анықталады.
Ауыз су қаптаманың (ыдыстың) тұтастығы бұзылмайтындай және осы қаптаманы (ыдысты) жабатын құрылғысы ашылмайтындай етіп оралуы керек. Ауыз суды өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу процесінде ауыз сумен жанасатын материалдар тамақ өнімдерімен жанасатын материалдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Табиғи ауыз судың таңбалауында мынадай ақпарат болуы тиіс:
- ауыз судың атауы;
- дайындалып шығарылған мерзімі, жарамдылық мерзімі;
- дайындаушының сауда белгісі;
- ауыз суды дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;
- ауыз судың көлемі;
- «газдалған» немесе «газдалмаған»сөзі;
- су алу орны туралы мәліметтер (өзеннің, көлдің немесе басқа су объектісінің атауы);
- «негізгі құрам:» деген сөздер бұдан әрі табиғи ауыз судың химиялық құрамының элементтері және олардың санының шекті (ең төменгі және ең жоғары)мәндері (мг/л немесе мг/дм3) көрсетіледі;
сақтау шарттары және ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі– көлемі 5 л және одан көп тұтынушылық қаптамадағы табиғи ауыз су үшін;
- Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс.
Жазғы сауықтыру лагеріне және мектеп жанындағы жазғы алаңшаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Жазғы демалыс лагерінің жағдайлары ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген.
Жазғы мектеп демалысының басталуына байланысты жазғы сауықтыру лагерьлерін жазғы сауықтыру маусымына дайындау мәселелері аса өзекті болып табылады. Барлық сауықтыру ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптары – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Сауықтыру ұйымдары үшін осы талаптарды сақтау міндетті болып табылады. Осылайша балалар келіп орналасқанға дейін барлық қала сыртындағы лагерьлер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті.
Балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында дайындық кезеңінде жазғы демалысты ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерлерге мыналарды қамтамасыз етуді ұсынамыз:
- ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
- кеміргіштерге, жәндіктерге қарсы өңдеумен аумақты тазарту және абаттандыру;
- желдету және ауаны баптау жүйелерін қоса алғанда, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
- төсек-орын, ыдыс-аяқ, асхана жабдықтары мен мүкәммалдың жеткілікті мөлшерімен жарақтандыру;
- персоналды оқыту;
- маусым ашылғанға дейін объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.
Ашылу алдында шомылу орындарындағы ауыз су, бассейндер мен су айдындарының су сынамаларына зертханалық зерттеу жүргізіледі, топырақ пен құм тексеріледі. Санитариялық қағидаларға сәйкес лагерьдің аумағы қоршалуы тиіс, объектілер үздіксіз ауыз сумен, ыстық сумен, кәрізбен, жарықпен, желдеткішпен қамтамасыз етіледі. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі тиіс. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызмет көрсетіледі.
Жұқтыру уақыты бөртпе басталғаннан кейін бес күн: бұл баланың балабақшаға немесе мектепке бара алмайтын кезеңі. Сонымен қатар, бұл вирус иммундық қорғанысты 4 -тен 6 аптаға дейін төмендететінін білеміз, осы уақыт ішінде бала жаңа инфекцияны жұқтырып алу ықтималдығы әлдеқайда жоғары болады.
Қызылшаның ең қауіпті асқынуларының бірі - ауырғаннан кейін бірнеше жылдан кейін пайда болуы мүмкін жіті склероздаушы панэнцефалит. Бұл қызылша вирусы миға зақым келтіретін үдемелі және әдетте өлімге әкелетін ауру.
Сондай-ақ, қызылша пневмония, бронхит, энцефалит, отит, соқырлық сияқты асқынулармен қауіпті. Медициналық көмекке кеш жүгінген және ауыр созылмалы аурулар болған жағдайларда өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, интоксикациямен, жөтелмен, мұрынның ағуымен, конъюнктивитпен және бөртпемен сипатталатын жіті вирустық ауру. Қызылша ауыр асқынулармен, өкпенің қабынуымен, құрысулармен, мидың қабынуымен қауіпті. Ауа тамшылары арқылы беріледі.
Шымкент қаласындағы барлық субъектілер (объектілер) өз қызметі барысында өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Өндірістік бақылаудың мақсаты санитариялық ережелердің, санитариялық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыру, оларды ұйымдастыру және бақылау арқылы өндірістік бақылау объектілерінің адамға және қоршаған ортаға зиянды әсерінің қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қандай объектілер өндірістік бақылаудан өтуі керек?
- өнеркәсіптік және радиациялық гигиена объектілері (өндірістік және (немесе) радиациялық объектілер));
- тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілері;
- қоғамдық тамақтану объектілері;
- коммуналдық гигиена объектілері
- денсаулық сақтау ұйымдары және зертханалардың барлық түрлері;
- дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды өндіру және (немесе) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметтерді көрсету объектілері
- балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернат ұйымдары, сауықтыру объектілері
- жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көлік құралдарыӨндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін өндірістік бақылау бағдарламасы әзірленеді және бекітіледі.
Бағдарлама зертханалық сынақтар мен өлшеулерді қамтиды:- санитариялық қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаны бақылау;-шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды, орау материалдарын, тамақпен және сумен жанасатын өнімдерді бақылау, олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын бақылау;- медициналық тексерулердің уақтылы өтуін қадағалау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды тіркеу;қауіп факторларын бағалау, анықталған қауіптерді , өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздік критерийлері мен зиянсыздығын талдау және қауіптерді басқаруды қамтамасыз ету үшін маңызды бақылау нүктелерін анықтай отырып, процестердің (пайдалану, жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, өңдеу, кәдеге жарату), жұмыстардың, қызметтердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін анықтау;- жұмыс орнының қауіпсіздігі;- төтенше жағдайлар, өндірістің тоқтап қалуы және технологиялық процестердің бұзылуы туралы халықты, жергілікті атқарушы органдарды, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерін хабардар ету схемасын әзірлеу. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер объектілерде жүргізілген өндірістік бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты объектінің аумағына сәйкес Шымкент қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жарты жылда бір рет беруге міндетті.
Өндірістік бақылауды қайда жүргізуге болады?
Кез келген аккредиттелген зертханада.
Бұл қанша тұрады ?
Өндірістік бақылау құны зерттеу көлеміне байланысты және тікелей зертханалық прейскуранттан анықталады.
Сізді нысандарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!
Балаларға ойыншығын таңдау барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан ойыншықтың қауіпсіздігіне аса мән бергендеріңіз жөн.
Балалар ойыншықтарын сатып аларда оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек. Өткір, жағымсыз, бөтен иіс, майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Балаға қауіп тудыратын ойыншықтардың бірі құрамында бояғыш заттары мөлшерден тыс қосылып жасалған ойыншықтар. Олардың құрамына формальдегид, фенол, феноксил, метил, изгобитурат және т.б. химиялық заттар бар. Барлық ойын баласы ойыншықтардың дәмін татуға тырысады, нәтижесінде ауыз қуысы арқылы немесе тыныс алу жолдары арқылы баланың ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Оның қауіптілігі балалардың ішкі ағзаларын, иммундық жүйелерін зақымдайды, сондай-ақ әр түрлі аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет: атауы, өндіруші елі, жасалған жері, өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу сымтетігі, өндірушінің тауар белгісі, баланың жас мөлшеріне сәйкес ойыншығы және пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажеттілігіне сай), ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай), шығарылу күні (айы, жылы), сақтау мерзімі, сақталу жолы (қажеттілігіне сай).
Айта кететін жайт, саудадағы барлық балалар ойыншықтары сатылымға шығар алдында «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарымен сәйкестендірілуі керек.
Тұтынушыларға кеңес, ойыншық сатып аларда арнайы дүкендерден сапалы әрі сәйкестігін растайтын құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды сатып алғандарыңыз жөн. Егерде сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Бұндай ақпарат балаңыздың денсаулық жағдайына тікелей байланысты болады. Осы ақпаратпен таныса отырып, сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңызға сенімді боласыз.
Тұмауға қарсы вакцина құрамында тұмауды тудырмайтын белсендірілмеген вирус бар. Егер сіз өзіңізді әлсіз сезінсеңіз немесе аздап қызбаңыз болса, бұл иммундық жүйенің вакцинаға қалыпты реакциясы болып саналады және әдетте бір-екі күннен аспайды.