Жиі қойылатын сұрақтар
Жергілікті жерлерде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау тәртібі Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына және әрбір редакцияның ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асады. Жарияланатын материалдар қолданыстағы заңнама талаптарына сай болуы тиіс, яғни жалған ақпаратты, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, экстремизмді немесе ұлтаралық араздықты қоздыратын мазмұнға жол берілмейді.
ми каждой редакции. Публикуемые материалы должны соответствовать требованиям действующего законодательства, то есть не допускать распространения ложной информации, пропаганды насилия, экстремизма или разжигания межнациональной розни.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға өтініш берген кезде азаматтан міндетті түрде «алимент аласыз ба?" деп сұрау өздігінен заңда тікелей жазылмаған, бірақ оның табыстық тексерудің бір бөлігі ретінде мәні бар. Неліктен алимент сұралады?
- АӘК табысы жанбасына шаққандағы орташа табыс критерийіне негізделеді;
- Егер алимент алынса, онда ол отбасының кірісі ретінде есепке алынады.
Сондықтан, алимент туралы сұрау заңды әрі негізді, өйткені, алимент АӘК тағайындау кезінде есепке алынатын ресми табыс түріне жатады. Табыс туралы дұрыс емес мәліметтер беру (оның ішінде алиментке қатысты) әлеуметтік көмекті алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер етуі мүмкін.
C5 «бизнес-иммигрант» визасын ұзарту үшін жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) өтінішхатын алу қажет. Бұл өтінішхат бизнес-иммигранттың өз міндеттемелерін орындағаны тексерілгеннен кейін беріледі. Ол үшін:
- Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркеуі;
- жарғылық капитал енгізуі;
- бизнес-жоспар ұсынуы тиіс. Кейін аталған құжат ҚР ІІМ көші-қон қызметіне визаны ұзарту үшін тапсырылады. Ұзарту тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысы негізінде айқындылады.
Әкімдікке мынадай құжаттар тапсырылады:
- Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының атына өтініш.
- Шетел азаматының паспорты (салыстыру үшін түпнұсқасы).
- Бастапқы C5 визасының немесе уақытша тұруға рұқсаттың (РВП) көшірмесі.
- Бизнес-жоспар, оның ішінде:
- қызметтің мақсаттары мен бағыттары,
- жоспарланған инвестициялар,
- даму перспективалары,
- жоспарланған қызметкерлер саны.
- Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын анықтама.
- Өкілге сенімхат (егер құжаттарды ҚР азаматы тапсырса).
Әкімдік жобаның шынайылығы мен экономикалық өміршеңдігін бағалайды. Оң шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге көші-қон қызметі үшін өтінішхат беріледі.
«Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- өтініш;
- рұқсат алымының бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер;
- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
- мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің).
Индустрияландырудың Бірыңғай картасына Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығымен бекітілген «Индустриялық-инновациялық жобаларды индустрияландырудың Бірыңғай картасына енгізу қағидаларына» сәйкес жобалар енгізіледі.
Қазақстанда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке (ұн, нан, күріш, көкөніс, ет, сүтөнімдері және т.б.) шекті 15% сауда үстемесі белгіленген. Егер бұл шектен асып сатылса, бұл — заң бұзушылық. Мұндай жағдайда азаматтар фото және чекпен бірге Атырау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе «E-Otinish» порталы арқылы шағымдана алады. Бизнес субъектісіне қарай 5-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Атырау облысының тұрғындары Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым білдіре алады. Сонымен қатар, келесі арналарды да пайдалануға болады:
«E-Otinish» электрондық өтініштер жүйесі (https://e-otinish.kz).
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің байланыс арналары.
Мемлекеттік гранттар ағымдағы жылы «бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.
Өтінім беру үшін бизнес тіркелген сәттен бастап кемінде бір жыл жұмыс істеуі керек. Өтінім мен құжаттар Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына тоқсанына бір рет: 1 наурыздан 15 наурызға дейін, 1 маусымнан 15 маусымға дейін, 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін және 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы ақпарат Басқарманың gov.kz сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады. («Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады).
Толығырақ ақпарат алу үшін кәсіпкерлер мына мекен-жайға жүгіне алады:
Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, ескі ғимарат 3-қабат, 303-каб., тел. 8(7122) 354344 (Басқарманың кәсіпкерлікті дамыту бөлімі);
Кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін беру тәртібі:
1) аукционның жариялануы;
2) қатысу үшін тіркелу;
3) аукцион өткізу;
4) келісімшарт жасау.
Келісімшарт жасалғаннан кейін жер учаскесі жеңімпазға беріледі.
Негізгі талаптар - жер учаскесін алу үшін өтініш беруші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болуы тиіс.
Аукционға қатысу үшін қажетті құжаттарды (мысалы, өтініш, қаржылық құжаттар) дайындау қажет.
Жер учаскесінің мақсаты мен пайдалану шарттары аукцион барысында анықталады.
Егер сізде аукционға қатысу немесе жер учаскесін алу туралы қосымша сұрақтар болса, жергілікті атқарушы органдармен немесе тиісті мемлекеттік мекемелермен байланысуыңызға болады.
Жер уаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға (әкімдік) немесе жер қатынастары бөліміне жүгіну қажет.
Өтініш жергілікті атқарушы органдармен (әкімдік) 10 жұмыс күні ішінде қаралады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жер учаскелерін беру рәсімі Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына арналған конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін Өтінім мен Конкурстық ұсыныс беру қажет. Жер комиссиясы ұпай беру арқылы жеңімпаз өтінімді бағалауды, салыстыруды және анықтауды жүргізеді. Конкурс қорытындысы өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Ұпайлар тең болған жағдайда жеңімпаз комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.