Құрылым
"Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысының Цифрландыру орталығы" КММ
«Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысының Цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігін кешенді ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мекеме Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №270 қаулысымен құрылды.
Электрондық пошта:
a.kazipanov@atyrau.gov.kz«Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ
АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК АРХИВІ
Өлкемізде арив істерінің қалыптасу тарихы 1928 жылдан бастау алады. Бүкіл Одақтық Орталық Атқару Комитетінің (БОАК) 1928 жылы 6 мамырдағы қаулысымен Батыс Қазақстан облысы құрамында Гурьев округі құрылды.
Жаңадан құрылған округ аймағы 85745 кв.км тұрғындар саны 177 607 жетіп, Гурьев қаласы орталығы болды. Жаңа құрылған округ құрамына алты аудан енді. Олар Жаманқала (Махамбет), Есбол (Индер), Доссор, Жилокоса, Қызылқоға, Теңіз (Құрманғазы) аудандары еді.
Алғашқы округтік мұрағат бюросы Гурьев округтік халыққа білім беру бөлімі жанынан ашылды.
Мекемелердің құжаттық материалдарды жинақтап және оларды сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мұрағаттық бюроның штатында екі ақ қызметкер: меңгеруші және мұрағатшы қызмет жасады.