Құрылым

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі

Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша қажетті ақпарат ұсыну жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жұмысын үйлестіреді. Жергілікті атқарушы органдар құзіретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу жұмысын ұйымдастырады. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстар, семинар-кеңестер ұйымдастырады. Облыс әкімінің орынбасары және басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшысымен берілген тапсырмаларды, кіріс құжаттарды сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді. Жергілікті атқарушы органның кұзіретіне кіретін мемклекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және /немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Электронды үкімет вебпорталы және Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорацияся арқылы жергілікті атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді ауыстыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Орындауына келіп түскен өтініштердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және орындауындағы өтініштің тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты болады

Толығырақ

Телефон:

87122306570

Электрондық пошта:

t.izbasova@atyrau.gov.kz

Цифрландыру бөлімі

Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша ұйымдастыру, техникалық және ақпараттық-талдау қызметтерін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтерді және функцияларды автоматтандыруды және ыңғайландыруды қоса алғанда ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралардың жоспарларын әзірлейді және мүдделі мемлекеттік органдармен келісім жұмыстарын жүзеге асырады. Ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асырады. Ақпараттандыру саласындағы заңнамалар талаптарының сақталуын қадағалауды қамтамасыз етеді. «Электрондық үкімет» және ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі. Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша ведомстволық актілерді (ережелер, регламенттер және т.б.) әзірлейді және бекітеді.

Толығырақ

Электрондық пошта:

a.tabldiev@atyrau.gov.kz

Архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімі

Облыс аумағында архив ісі және құжаттама саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады. Басқарманың архив ісі саласындағы жоспарын және есептілігін, ағымдағы жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Архив ісі және іс қағаздарын жүргізу жағдайын талдап және олардың дамуына ұсыныс дайындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының ведомстволық сақтауды ұйымдастыру және іс қағаздарын жүргізу бойынша салааралық ұйымдастыру-әдістемелік мәселелерін қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Телефон:

87122319967

Электрондық пошта:

b.tsifro-arkhiv@atyrau.gov.kz

Жобалық басқару қызметін үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі

Бөлімнің басшысына есеп береді және базалық бағыттарды іске асыру топтары, жоба топтарының жетекшілері, жобалар үйлестірушілері, жобалар жетекшілері, жобалық басқару жөніндегі консультанттар, жобалық командалар, жобалық тапсырмаларды орындаушылар арасында әдіснамалық қолдауды, коммуникацияларды және жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 358 қаулысының 60, 61 және
62-тармақтарына сәйкес қалыптастырылатын бағдарламаны басқару жоспарын (бағдарламаларды басқару жоспарларын) дайындайды және өзектендіреді. Бағдарлама жетекшісі/бағдарламаның басқарушы комитеті деңгейінде қарау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы
13 қаңтардағы №2 «Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы» бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде проблемалық мәселелер бойынша ақпараттық таблонын электрондық форматта толтыру арқылы тиісті базалық бағыттың жетекшісі деңгейінде шешілмеген проблемалық мәселелер бойынша есепті апта сайынғы негізде дайындайды.Бөлім басшысына тиісті жобалау рөлдерін орындаушылардың міндеттері мен жобалық тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындағаны үшін көтермелеу не оларды тиісті жобалау рөлдерін уақытылы және (немесе) сапалы орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді. Бағдарламаны басқару процесінде мемлекеттік органның жобалық офисі деңгейінде басқарушылық шешімдердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз етеді. Базалық бағыттарды іске асыру топтары әкімшілерінің жұмысын ұйымдастырады. Қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі сараптама тобының қызметін үйлестіреді. Акселерация тобының жұмысын үйлестіреді. Облыс әкімінің басым жобалары бойынша жобаларды сүйемелдеу және орындалысын қадағалайды.Басқарушы комитеті отырыстарын ұйымдастырады. Өңір экономикасы басым бағыттарының дамуына талдау жүргізеді. Базалық бағыттар бойынша жобалау құжаттамасын жүргізуді, ақпарат жинауды және есептілікті дайындайды. Базалық бағыттар бойынша кездесулерге қатысушылардың есебін жүргізе отырып, мүдделі тараптардың кеңестерін дайындауды және скрам-жұмыс кездесулері кестесін орындайды. Базалық бағыттарды іске асыру топтары әкімшілерінің, жобалар топтары жетекшілерінің, жобалар жетекшілерінің, жобалық командаларға қатысушылардың деректерді жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізуін және енгізілуін бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлім басшысына есеп береді және базалық бағыттарды іске асыру топтары, жоба топтарының жетекшілері, жобалар үйлестірушілері, жобалар жетекшілері, жобалық басқару жөніндегі консультанттар, жобалық командалар, жобалық тапсырмаларды орындаушылар арасында әдіснамалық қолдауды, коммуникацияларды және жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Бөлім басшысына скрам-кездесулердің кестесін бұзғаны үшін тиісті жобалау рөлдерінің орындаушыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Базалық бағыттардың бағдарлама жобалары бойынша деректерді жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне енгізуді және (немесе) уақытылы енгізуді қамтамасыз етеді. Базалық бағыттарды іске асыру топтарының жетекшілері, жоба топтарының жетекшілері, жобалар жетекшілері, жобалық басқару жөніндегі консультанттар, жобалық командалар, жобалық тапсырмаларды орындаушылар мүшелеріне жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне тиісті қол жеткізу деңгейін береді. Бағдарламаның скрамкездесулер кестесін жасақтайды. Өңірде іске асырылатын жобаларды іске асыру мәселелері бойынша мүдделі тараптармен кездесулер ұйымдастырады. Қажеттілікке байланысты басқару құжаттарына толықтырулар мен өзгерістер енгізеді. Ақпараттық жүйеде облыстық жобалар пайдаланушыларының тізімін жүргізеді. Бағдарламаның басқарушы комитеті отырыстарын өткізуге қажетті материалдарды дайындайды. Орындауына келіп түскен өтініштердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және орындауындағы өтініштің тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты болады

Толығырақ

Телефон:

87122306570

Электрондық пошта:

m.khoze-diasova@atyrau.gov.kz