Жиі қойылатын сұрақтар
Әкімшілік істі қарау рәсімі:
Басқарма өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады, кемінде 7 (жеті) адам . Комиссия төрағасы Комиссия отырысын өткізеді. Өтінім олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тіркеледі және қаралады және мынадай іс шараларды жүзеге асырады:
1) ұсынылған құжаттар топтамасы келесі жағдайларда қараусыз қайтарылады:
- кәсіпкерлік субъектісінің құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
- осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес мерзімдерді сақтамау.
3) құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік субъектісіне құжаттар топтамасын жазбаша хабарламамен қайтаруды жүзеге асырады.
Құжаттар топтамасы кәсіпкерлік субъектісіне толық болмауына байланысты қайтарылған жағдайда хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық устранстігі жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.
Өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерде қайта береді.
4) комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес болған кезде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы;
2) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы.
5) кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы нәтиже не кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
6) Комиссия осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес мерзімдерде өтінімдердің түсуіне қарай отырыстар өткізеді.
7) комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылады, көшірмесі кәсіпкерлік субъектісінің атына жазбаша хабарламамен жіберіледі.
8) хаттама негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген)бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімді толық көлемде қалыптастырады.
МЫСАЛ «Туризм-Астана» ЖШС туристік кешен құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу үшін субсидия алуға өтінім берді.
Өтінімді қарау барысында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні, құрылыс бекітілген жобалық құжаттама негізінде жүзеге асырылатыны, жер учаскесіне құқық және нақты жұмсалған шығындар құжаттармен расталғаны анықталды. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келеді, субсидия мөлшері белгіленген тәртіппен есептелген, бюджет қаражаты бар.
Қарау нәтижесінде комиссия белгіленген қағидаларға сәйкес есептелген мөлшерде субсидия беру туралы шешім қабылдайды. Шешім өтініш беруші, объект, расталған шығындар және субсидия мөлшері туралы мәліметтер көрсетілген хаттамамен ресімделеді.
Талаптарға сәйкес келмеу, растайтын құжаттардың болмауы, дәйексіз мәліметтердің ұсынылуы, бюджет қаражатының болмауы немесе заңнамада көзделген өзге де негіздер анықталған жағдайда, комиссия субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тарту туралы шешімде нақты бас тарту негізі және тиісті заңнама нормасы міндетті түрде көрсетіледі.
МАҚСАТ: Рәсімнің мақсаты туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидия алуға кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қараудың ашық және регламенттелген тәртібін белгілеу, субсидиялауды ұсыну не одан бас тарту туралы шешімдер қабылдаудың объективтілігін қамтамасыз ету сондай-ақ заңнама мен бюджеттік тәртіп талаптарын сақтау болып табылады
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы – халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс;
Мысал: Азамат Б. төтенше жағдай туындаған кезде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын паналады.
Мақсаты: төтенше жағдайларда немесе соғыс уақытында көп адамдардың өмірін сақтап қалу
Авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар.
Мысал:
Туыстары «112» нөмеріне қоңырау шалып, азамат А. тауда адасып, байланысқа шықпай жатқанын айтты, іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқару бөллімшелері жіберілді.
Мақсаты:адамдардың өмірін уақтылы құтқару.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою- мемлекеттік резервтің тауарларынын сақтау уақтысы өткен кезде, қолданған кезде жүргізіледі.
Мысал: Сақтау мерзімі өткен материалдық құндылықтарды кәдеге жарату немесе жою, алмастыру туралы шешімді мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
Мақсаты: Төтенше жағдайға, апат кезінде материалдық резервтің дайын тұруы
Азаматтық қорғаныс-бейбіт және соғыс уақытындаҚазақстан Республикасының аумағында халықты қорғауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.
Мысал:
Халық пен аумақты зақымдаушы факторлардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың өткізілуі.
Мақсаты:
Төтенше жағдай немесе соғыс кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардаптарды азайту және мемлекет қызметінің үздіксіздігін сақтау.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 319-бабына сәйкес: жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салу жеке тұлғалар үшін – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, және заңсыз салынған немесе салынып жатқан ғимараттың күштеп сүрілуіне әкеп соғады немесе сүрілмей қалуы мүмкін.
Мақсаты: заңсыз құрылысқа жол бермеу, жер учаскелеріне құқықтарды сақтау, объектілердің заңдылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бұзушылықтар үшін жауапкершілікті бақылау.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес:
Құрылыс саласында мердігерлік жұмыстарды орындайтын мердігерлер жеке және заңды тұлғалар (соның ішінде бірлескен кәсіпорындар) болып, Қазақстан Республикасының аумағында тиісті сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің түрлері бойынша лицензияға ие болуы тиіс.
Мақсаты: құрылыс саласындағы мердігерлік жұмыстарды тек лицензияланған жеке және заңды тұлғалар арқылы орындауды қамтамасыз ету, құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын, орындалатын жұмыстың сапасы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ құрылыс қызметінің заңдылығын бақылау.
Аудандық маңызы бар қалалар мен кенттердің бас жоспарларын сондай-ақ халықтың есептік саны 5 мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларды) бекіту аудандық мәслихаттардың құзыретіне кіреді. Халықтың есептік саны 100 мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекіту облыстық мәслихаттардың құзыретіне кіреді. Халықтың есептік саны 100 мың тұрғыннан асатын республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекіту ҚР Үкіметінің құзыретіне кіреді.
Мысал:
Елді мекенді дамыту және құрылыс салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте аумақтың перспективалық дамуы мен жоспарлануын айқындайтын негізгі құжат — бас жоспар болып табылады.
Мақсаты:
бас жоспарларды елді мекеннің көлеміне және маңыздылығына сәйкес тиісті деңгейде бекіту арқылы кешенді жоспарлау мен үйлестіруді қамтамасыз ету
Елді мекендердің аумақтарын дамыту және салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады Елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты елді мекеннің бекітілген бас жоспары болып табылады
Мысал:
Мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі объектінің күрделілігіне және сұратылатын материалдардың түріне қарай 9-дан 17 жұмыс күніне дейін құрайды. Реконструкциялау үшін қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды, ал дәлелді бас тарту 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Мақсаты:
Елді мекендерді кешенді және реттелген түрде дамыту үшін негізгі жоспарлау құжаттарын пайдалану.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер құрылысының жобалары бойынша: АПЗ және техникалық шарттарды ұсынуға-9 (тоғыз) жұмыс күні; жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға 15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер құрылысының жобалары бойынша: АЖЗ және техникалық шарттарды беруге 15 (он бес) жұмыс күні; жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға 17 (он жеті) жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй – жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну бойынша-өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі 1-5 (бес) жұмыс күні.Дәлелді бас тарту-5 (бес) жұмыс күні.
Мысал:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден жалған құжаттар ұсынылған, заңнама немесе қала құрылысы құжаттамасының талаптарына сәйкес келмеген, қажетті техникалық шарттар болмаған немесе белгіленген талаптардың өзге де бұзушылықтары анықталған жағдайда бас тартылуы мүмкін. Бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тарту себептері мен оларды жою жөніндегі ескертулер көрсетілген дәлелді жауап беріледі.
Мақсаты: мемлекеттік қызметтердің уақтылы, айқын және заңға сәйкес көрсетілуін қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау