Жиі қойылатын сұрақтар
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ресми сайттарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланып тұрады. Бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері азаматтардың кезегіне қарай бөлініп беріледі.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады.
Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады.
Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.
Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады.
Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz
Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркеліңіз (ЭЦҚ).
Кезекке өтінімді 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрыққа сәйкес бересіз және сіз көрсеткен телефон нөміріне немесе электронды поштаға кезек нөмірі көрсетілген хабарламаны күтіңіз.
Өтініш берушіге:
1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың өзгеруі туралы хабарламаны алу;
2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау;
3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы алу;
4) кезектілікті басқару жүйесінде үшінші тұлғаларға бермей, жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау мүмкіндігі беріледі.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардың туған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады.
Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.
Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұра алады.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда бір ай өткен соң жалпы кезекке тұрады және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған жағдайда бір мезгілде бірнеше кезекте – жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекте тұра алады.
Өтініш беру және кезекте болу үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылында 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа).
Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда, бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді.
Кезектегі өтініштер:
1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде;
2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде;
3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде;
4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда;
5) жолдама берілгенде;
6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда;
7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады.
Кезектердегі өтініштер әрбір топтың ішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.
Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады.
Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді (басымдығы бар өтініш бірінші кезекте құқығы жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады).
каждые три заявления, поданные на общих основаниях).
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ресми сайттарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланып тұрады. Бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері азаматтардың кезегіне қарай бөлініп беріледі.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-44 баптарымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады және елді мекеннің бас жоспары мен нақты жоспарлау жобасына сәйкес біртұтас алаппен, жалпы тізімдегі кезектілік сақтала отырып бөлінеді.
Жер учаскесін қай жерден алғыңыз келетіндігіне байланысты тиісті әкімдікке жүгінуіңіз керек. Егер жер учаскесі:
Талғар қаласының шекарасында болса - Талғар қаласы әкіміне;
ауылды елді мекен шекарасында болса - тиісті ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз керек.
ЖТҚ үшін жер телімін беру туралы еркін нысандағы өтінішті әкімдікте толтыру қажет. Сондай-ақ өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі болуы керек.
Әкімдік құжаттарды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жер комиссиясының қарауына жібереді. Егер жауап оң болса, жер комиссиясының шешімінен кейін 7 жұмыс күні ішінде сіз жер учаскесін алу үшін кезекке тұрасыз. Сізге жер учаскесін алудың кезек нөмірі көрсетілген хабарлама беріледі.
Бүгінгі күні, Талғар ауданы аумағында тұрғын үй құрылысын салуға арналған дайын алаңдар жоқ. Сонымен қатар, қолданыстағы жер заңнамаларының талаптарында жер учаскелерінің бөлінуі кезінде жеңілдік қарастырылмағанын және кезекте тұрған азаматтардың құқықтары тең болып саналатындығын қосымша хабарлаймыз
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес, отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартқан болса немесе жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, оған және оның отбасы мүшелері АӘК тағайындау мүмкіндіктерінен айырылады.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспаған жағдайда ғана аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.
Сізге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Егер сіз көрсеткен банктік шот дұрыс болмаса, онда сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тұрғылықты жеріңіз бойынша филиалына хабарласуыңыз керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы No 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген, шектеу шараларын енгізуге байланысты кірістер жоғалған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережелеріне сәйкес, сіз төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан, бірақ сонымен бірге төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ғана БЖС төлеген жеке кәсіпкерсіз. Сонымен бірге, сіз үшін төтенше жағдай енгізілгенге дейін заңды тұлғадан әлеуметтік аударымдар алынған, сол арқылы төтенше жағдай енгізілгенге дейін тәуелсіз қызметтен алынған табыстарыңыз расталмағандықтан Сізге әлеуметтік төлем төленбеген.