Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31-бабының 12 тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзіреті ұйымдастырады.Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71 бабының 1 тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.Жоғарыда аталған Заңның 74 бабының 1 тармағына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен азаматтарды тұрғын үймен қамту тетіктері қарастырылған.«Шаңырақ» бағдарламасы (5-10-20) аясында мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар қатыса алады. Бағдарламамен жылына 5 пайызбен, алғашқы жарнасы тұрғын үй бағасының 10 пайызын құрайтын және 20 жылға дейін бөліп төлей шарты қарастырылған.«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үй алу мүмкіндігі бар. Бұл бағдарлама мынадай шарттар бойынша ипотекалық қарыздар беруді көздейді: сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 7%, бастапқы жарна — 20%, Қарыз мерзімі — 25 жылға дейін.Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысушаларды қолдау мақсатында облыс әкімдігімен тұрғын үй алу кезінде алғашқы жарнаның 50 пайызын, бірақ 1 млн.теңгеге дейінгі сомада тұрғын үй сертификатын ұсыну қарастырылған.