Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекет төтенше жағдайларда адамдарға көмектесу үшін қорларды алдын ала дайындайды: * Азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмектер жиналады * Жылы киімдер, көрпелер, төсек-орын жабдықтары сақталады * Жанармай, шамдар, генераторлар дайындалады
Қорғаныс құралдары (маскалар, газқағарлар, йод) сатып алынады
Барлық қорлар арнайы қоймаларда сақталады және қажет болған жағдайда тез жеткізіледі Мақсат-апаттар немесе қауіптер кезінде адамдарды қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету.
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері – халықты дер кезінде хабардар ету, эвакуация ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және халықты қауіпсіздік ережелеріне үйрету.
Басты мақсат – адамдардың өмірін сақтау және апат салдарын азайту.
Уәкілетті орган –жұмылдыру жоспарын жасайтын, бақылау жүргізетін, үйлестіретін және есеп беретін мемлекеттік орган.
Азаматтар жұмылдыру кезінде әскери қызметке қатысады, көмектеседі, эвакуацияға қатысу, медициналық немесе көліктік көмек көрсету, тәртіп сақтау, материалдық ресурстар беру сияқты міндеттер атқара алады.
Азаматтық қорғау төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, халыққа көмек көрсетуге және бейбіт және соғыс уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмылдыру-бұл мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, армияны және халықты мемлекетті қорғау міндеттерін орындау үшін соғыс жағдайына ауыстыру.
Әкімдіктер әскери міндеттілерді броньдау, әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар ету мен жеткізуді, техниканы жинақтау пункттеріне немесе әскери бөлімдер мен арнаулы мемлекеттік органдарға жеткізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ жұмылдыру жарияланған кезде іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жұмылдыру резерві – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындауға, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдануға, бейбiт уақытта гуманитарлық көмек көрсетуге қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнаулы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары.
- Қорғаныс министрлігі – армия мен әскери дайындыққа жауапты.
- Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) – ерекше жағдайларда (соғыс және төтенше жағдай) ел экономикасының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық шараларды жоспарлау, үйлестіру және бақылауға қатысады.
- Ішкі істер министрлігі (ІІМ) – ел ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
- Жергілікті әкімдіктер (акиматтар) – халық, көлік және ресурстар мәселелері бойынша жергілікті деңгейде жұмыстарды ұйымдастырады.
Жұмылдыру қажет болған жағдайда – мысалы, соғыс қаупі төнсе немесе төтенше жағдай болса – мемлекет арнайы жоспар бойынша жұмыс істей бастайды.
- Әскерге шақырылатын азаматтар тізімі дайындалады.
- Техника, көлік, жанармай, азық-түлік сияқты ресурстар дайындалады.
- Ауруханалар мен дәрігерлер де қажет болса, көмек көрсетуге дайын тұрады.
- Барлығы бір жоспармен, тәртіппен жүзеге асырылады.
Мақсат – елді және халықты қорғауға тез және тиімді дайын болу.