Жалпы ақпарат
Әкімдік туралы
Кеген ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бірлік. Орталығы – Кеген ауылы. 1930—1997 жылдары жеке аудан болған, 19972018 жылдары Райымбек ауданының құрамына енген. 2018 жылы сәуірдің 2-де жеке аудан болып қайта құрылды. ІлеКүнгейТеріскей Алатауларының етегіндегі тау аралық аңғарда орналасқан. Аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан халқының саны 28 000 адам (2023), ұлттық құрамы: қазақтар (99,36%), басқалары (0,64%).