Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның су құбырларын, жылу мен электр желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырады.

Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіруді ұйымдастырады, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті.

Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.