Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 70-бабына сәйкес, еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім бойынша жұмыскерге толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қатынасында деп есептелінеді. Осыған байланысты жұмыс берушіге де, жұмыскерге де жұмысқа нақты жіберілген күннен бастап еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері толық көлемде жүктелді деп есептеледі. Сондықтан жұмыскерге жұмыс берушіден еңбек шартының қол қойылған данасын талап ету ұсынылады.
Егер жұмыс беруші еңбек шартын ресімдемесе, өңірлік еңбек инспекциясы департаменттеріне немесе сотқа дәлелді негіздемелермен бірге арыз жазуға болады.
|
Жұмысынан айрылғаны үшін өтемақы төлемі еңбек шарты бұзылған жағдайда (ҚР ЕК 131-бабының 1-тармағы) жұмыскерге 1 айлық орташа жалақы мөлшерінде төленеді. Маусымдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыскер жұмыстан босатылған кезде, ұйымның таратылуына немесе жұмыскерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты өтемақы 2 апталық орташа жалақы мөлшерінде төленеді (ҚР ЕК 134-бабының 8-тармағы). Жұмыстан айрылғаны үшін өтемақы 2 айлық еңбекақы мөлшері жағдайында төленеді (ҚР ЕК 131-бабының 2-тармағы) |
Сонымен қатар, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде жұмысынан айрылғаны үшін өтемақы төлемдерінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін (ҚР ЕК 131-бабының 3-тармағы).
Жұмыстан босатылған кезде өтемақы, негізінен пайдаланылмаған демалыс күндері үшін, сондай-ақ қатаң белгіленген жағдайларда (жұмыстан босату немесе тарату) жұмыстан шығу өтемақысы беріледі. Өтемақы еңбек шарты бұзылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде төленеді.
Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және одан кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (91-бабтың 1-тармағы)
Еңбек демалысы 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін беріледі, бірақ жұмыс берушінің келісімі бойынша оны ертерек алуға болады
Скрининг - бұл шағымдары мен ауру белгілері жоқ адамдарға жүргізілетін профилактикалық тексеру. Ол аурулар мен қауіп факторларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, өйткені дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді болады.
Иә. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті. Скринингтік зерттеулер ауруларды ерте кезеңде анықтауға, дер кезінде емдеуді бастауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.
Әрбір жұмыскердің күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ұзақтығы үш жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс алуға құқығы бар.
Иә. Демалысты қажеттілікке қарай қатарынан да, жыл ішінде бөліп-бөліп те пайдалануға болады.