Құрылым
Өтініштер, азаматтарды қабылдау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Жалпы бөлім қала әкімі аппаратының барлық құжаттамалық қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің актілерін, қала әкімінің аппараты туралы ережені, регламентті және осы Ережені басшылыққа алады. Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, ауылдық округ әкімі аппараттарымен, қала және өңірдің басқа да мемлекеттік басқару құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Жалпы бөлімнің жұмысы қала әкімі аппаратының перспективалық жұмыс жоспарына және жалпы бөлімнің ағымдағы жоспарларына сәйкес құрылады.
Бөлім басшысы:
Адырбаева Айдана ДәнелхановнаТелефон:
87017949067Бірыңғай персоналды басқару қызметі
"Алатау қаласы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімі" өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығымен бекітілген.
Бөлім басшысы:
Қалдыбаев Сакен ЗайдуллаұлыҚаржы-экономикалық бөлімі
Бөлім Алатау қаласының әкімі аппаратын қаржылық, шаруашылық, материалдық – техникалық қамтамасыз етуді ұсынады.
Бөлім басшысы:
Омиралиева Айнара ЖомартовнаЗаң бөлімі
"Алатау қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі" өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі
"Алатау қаласының әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі" қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оған тікелей басшылық жасауды қала әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.