Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБүгінгі таңда аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған бюджеттік өтінім жасақталады. Қаржы бөлінуіне қарай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жобалау мерзімінің ұзақтығы (РПП – жобалаудың болжамды мерзімі) шамамен 6 айды құрайды. Сараптамадан өту мерзімі – 45 күн.
Қазір 3- ші жылыту қазандықты орталықтандырылған суға қосу жұмыстары жүргізілуде
Алатау қаласының жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыздыққа тіркеліп, қаламызға қарасты бос жұмыс орындарына жұмысқа оргаласуыңызға болады
2024 жылы Жетіген ықшам ауданындағы Мерей көшесіне жобалау-іздестіру жұмыстарына конкурс жарияланған болатын. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланып, мердігер ұйым анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. ПСД әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына бюджетке өтінім беріледі.
Жетіген шағын ауданының Сырдария көшесіне 2024 жылы конкурс жариаланып жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні жобалау-сметалық құжаттама жасауға көнкурс жариаланып мердігер мекеме анықталып жұмыстар жүргізілуде. ЖСҚ дайын болғаннан кейін және сараптаманың он қортындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілетін болады.