Құрылым
Кадрмен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Кадрмен жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері:
Персоналды басқару жүйесінің тұтастығын қалыптастыру. Мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ведомстволық және өзге де наградаларымен наградтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Басқарманың іс жүргізуді ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру. Петицияларды қарау.
Бөлім басшысы:
Қалдыбаева Әлия ЖанайқызыТелефон:
338-30-70(вн. 7300)Электрондық пошта:
a.kaldybaeva@almaty.gov.kzМемлекеттік сатып алу бөлімі
Бөлімнің міндеттері:
1) Басқарма құрылымындағы, ведомствоға қарасты мекемелерден бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтарды, мәліметтерді, құжаттарды, ақпараттарды белгіленген тәртіпке сұрау салып, алуға;
2) бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша ұсыныстар мен құжаттар жобаларын Басқарма басшылығының қарауына енгізу;
3) бөлімнің негізгі құзырына кіретін Басқарма құрылымдық бөлімдеріне, ведомствоға қарасты мекемелеріне әдістемелік және кеңес беру көмегін ұсыну;
4) Басқарма басшысының бұйрықтар жобасын енгізу, орындалуын бақылау жасау;
5) Басқарма басшысының бұйрықтарын және хаттамалық тапсырмаларын орындау;
6) Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, қызметтік этика нормаларын сақтау;
7) бөлімнің мақсаттарына және міндеттеріне тапсырылған жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау;
8) Басқармада өткізілетін кеңестердің жұмысына және Басқармада құрылатын комиссия жұмысына қатысуға;
9) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
10) қажетті мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін, бөлімге тиісті құқықтарды орындау, бөлім басшысы мен мамандардың қызметін нұсқаулықтарына сәйкес орындалады.
Бөлім басшысы:
Наурызбекова Гүлнура БақытқызыТелефон:
338-30-35 (вн. 7410)Электрондық пошта:
g.nauryzbekova@almaty.gov.kzЖоспарлау және қаржы бөлімі
Жоспарлау және қаржы бөлімінің негізгі міндеттері:
Басқармада және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, нәтижеге бағытталған ашық және теңгерімді бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру. Басқарманың барлық бөлімшелерінің жұмыс істеуі үшін материалдық базаны қамтамасыз ету және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мен игеруді бақылау. Әр бағдарлама бойынша есептеулерді және материалдық шығындардың нақты қажеттілігін есептей отырып, басқарма мен ведомстволық бағынысты мекемелердің алдағы үш жылдық мерзімге арналған бюджеттік өтінімнің орта мерзімді жоспарын қалыптастыру. Бюджет қаражатының уақытылы, дұрыс және тиімді жұмсалуын, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес активтердің, міндеттемелердің болуы мен қозғалысына байланысты операциялар мен оқиғалардың есебін бақылау. Барлық бағдарламалар бойынша жалақыны, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді уақытылы есептеу және аудару.
Бөлім басшысы:
Жұбанышева Таңшолпан БалғабекқызыТелефон:
261-68-41 (вн. 105)Электрондық пошта:
t.zhubanysheva@almaty.gov.kzМедициналық-әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімі
Медициналық - әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімінің негізгі міндеттері:
1) Басқарма басқару органы болып табылатын бағынысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады
3) ведомстволық бағынысты мекемелердің/ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғау саласында азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуін бақылау;
4) Алматы қаласы аудандар әкімдері аппараттарына қарасты жалғызбасты мүгедектер мен қарт адамдарға, мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру;
5) арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
6) үкіметтік емес сектор арқылы жүзеге асатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша бизнес пен әріптестікті дамыту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын қадағалау.
Бөлім басшысы:
Қасымбеков Ерлан ӘбуәлиұлыТелефон:
338-30-15 (і/н. 7305)Электрондық пошта:
e.kasymbekov@almaty.gov.kzТең мүмкіндіктер бөлімі
Тең мүмкіндіктер бөлімінің негізгі міндеттері:
1) мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және оңалтудың әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етуді үйлестіру;
2) Алматы қаласында мүгедек адамдардың құқықтарын инклюзиялау және қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;
3) консультативтік-кеңесші органның – Алматы қаласының инклюзивті ортасын дамыту жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру.
Бөлім басшысының м.а.:
Саметов Бекнұр НұрланұлыТелефон:
338-30-54 (7355)Электрондық пошта:
b.sametov@almaty.gov.kzКөші-қон жүйелері бөлімі
Көші-қон жүйелер бөлімінің негізгі міндеттері:
1) белгіленген мерзімде шетел жұмыс күшін тарту бойынша есепті бекітілген нысанға сәйкес статистикалық есептерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, статистикалық органдарға береді.
2) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.
3) бөлімнің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер мен басқа актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.
4) Алматы қаласы әкімдіктерінің аудандық аппараттарымен жүзеге асырылатын үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау үшін еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру
5) «босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату» функциясын уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.
6) босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.
7) халықтың көші-қоны саласындағы міндеттерді өзінің шегінде жүзеге асыру.
8) «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға сәйкес, «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті уақытында және сапалы көрсету бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету.
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының Шақыруларын ресімдеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қызметтерін қамтамасыз ету.
11) «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсету жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.
12) Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларына сәйкес жұмыстарына қатысу.
13) Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған базада мобильді қосымшалардың немесе платформалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарға деректерді беру және осы саладағы жұмысты одан әрі үйлестіру.
14) шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну қағидаларына сәйкес жұмысты үйлестіру.
Бөлім басшысы:
Пантелейчук Галина СергеевнаЭлектрондық пошта:
g.panteleichuk@almaty.gov.kzЖұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі
Жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің негізгі міндеттері:
1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) халықты жұмыспен қамтудың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету және жұмыссыздықты төмендету;
3) сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 35 жасқа дейінгі жастарға микрокредит беруді іске асыру бөлігінде кәсіпкерлік бастамаға жәрдемесу;
4) «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылыққа үйренуін үйлестіру;
5) жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеуге жәрдем көрсету.
Бөлім басшысы:
Қалуетов Арлан ҚанатұлыТелефон:
338-30-14 (7304)Электрондық пошта:
a.kaluetov@almaty.gov.kzӘлеуметтік қамқорлық бөлімі
Әлеуметтік қамқорлық бөлімінің негізгі міндеттері:
-
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
-
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
-
Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеленуге рұқсат беру, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның атына келіп түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді шешіп алу және мүлікті иеліктен шығару бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
-
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша (жеке және заңды тұлғаларға) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Бөлім басшысы:
Абирова Жулдыз МейрамовнаТелефон:
338-30-50 (і/н. 7300)Электрондық пошта:
zh.abirova@almaty.gov.kzМемлекеттік қызметтер және коммуникация бөлімі
Мемлекеттік қызметтер және коммуникация бөлімінің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бағдарламалар, жобалар, жоспарлар бойынша аналитикалық, анықтамалық, презентациялық және есептік материалдарды дайындау;
2) Бағдарламалар, жобалар, жоспарларды іске асыруға қатысатын басқа құрылымдық бөлімшелермен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген іске асырылып жатқан және жоспарланған бағдарламалар, жобалар, жоспарлар бойынша ақпаратты жинау және қорытындылау;
4) Бағдарламаларды, жобаларды, жоспарларды іске асыру және коммуникациялық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
5) Басшылық үшін есептер, баяндамалар, стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
6) Басқарманың қызметін ресми сайт, Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар мен YouTube-арна арқылы ақпараттық қамтамасыз ету;
7) Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру, оның ішінде салалық бөлімдер мен ведомстволық бағынысты мекемелерден ақпарат алу, басшылықпен кездесулер ұйымдастыру.
8) Алматы қаласы аудан әкімдіктері аппаратының Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру мәселелері бойынша қызметін мониторингтеу;
Бөлім басшысы:
Манияров Шынтас ЕрсерікұлыЭлектрондық пошта:
sh.maniyarov@almaty.gov.kzӘлеуметтік төлемдер бөлімі
Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру бөлімінің негізгі міндеттері:
Халықтың әлеуметтік осал топтарын ынталандыру және масылдықты жою, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін іске асыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін сақтау арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру. Әлеуметтік жәрдемақылар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын қамтамасыз ету. Алматы қаласы аудан әкімдіктері аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуі. Әлеуметтік көмек көрсету арқылы қала тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы:
Мухаметова Гүлнар СұлтанқызыТелефон:
338-30-24 (вн. 7310)Электрондық пошта:
g.mukhametova@almaty.gov.kzӘлеуметтік жобаларды іске асыру бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері:
Қарт жастағы адамдар арасында белсенді өмір салтын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.
Әлеуметтік жағынан осал топтарға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған жекелеген азаматтар санатына кешенді көмек көрсетуді қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік жобаларды енгізу және іске асыру.
Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттары арқылы мемлекеттік наградалар – «Алтын алқа» және/немесе «Күміс алқа» алуға құжаттарды ресімдеу тетігін үйлестіру.
Әлеуметтік үйде жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы жалғызбасты ерлі-зайыптылар мен отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсетуді үйлестіру және бақыла.
Қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін іске асыруды қамтамасыз ет.
Үкіметтік емес сектор арқылы көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау.
Бөлім басшысы:
Махпирова Рахилям НурдуновнаТелефон:
338-30-68 (вн. 7353)Электрондық пошта:
r.makhpirova@almaty.gov.kzЗаң бөлімі
Заң бөлімінің негізгі міндеттері:
1) Басқарманың қызметін заңдық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде бөлімнің белгіленген құзыреті шегінде оның мүдделерін білдіру;
2) Басқарманың қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу;
3) Басқарма қызметі шеңберінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру.
Бөлім басшысы:
Ғалиев Жанат СерікбайұлыТелефон:
338-29-01 (і/ш. 7405)Электрондық пошта:
zh.galiyev@almaty.gov.kz