Құрылым

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарыбие ауылдық округі әкімінің аппараты

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру, ауылдық округ аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Азаматтардың арыздарын, өтініштерін, шағымдарын қарайды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау шараларын қолданады. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға қатысады. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және аудандық мәслихаттың бекітуіне аудан әкімдігіне ұсынады. Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді. Ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорын күтіп ұстауды және жөндеуді, автомобиль жолдарын салуды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Телефон:

8(71332) 35-2-50

Электрондық пошта:

a.kereev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру, ауылдық округ аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Азаматтардың арыздарын, өтініштерін, шағымдарын қарайды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау шараларын қолданады. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға қатысады. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және аудандық мәслихаттың бекітуіне аудан әкімдігіне ұсынады. Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді. Ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорын күтіп ұстауды және жөндеуді, автомобиль жолдарын салуды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты

Жалпы ақпарат

Көптоғай ауылы — Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Ол 187 перспективалы елді мекендердің тізіміне тірек ауыл ретінде енген. Көптоғай ауылдық округінің құрамына Амангелді, Қарасу және Шұбарши ауылдары кіреді.

Ауылдық округтің аумағы 196 027 га құрайды. Көптоғай ауылы аудан орталығынан 36 км, ал облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 310 км қашықтықта орналасқан.

 

Толығырақ

Телефон:

871332-74523

Электрондық пошта:

e.asylbaev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты

Қараой ауылдық округі - Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қараой , Құбасай ауылдары кіреді. Орталығы -Қараой ауылы. Округ құрамында болған Жақсыкөл ауылы 2012 жылы таратылған. Аудан орталығы - Ойыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде орналасқан. 1999 жылы тұрғындар саны- 1560 адам болса, 2009 жылы 1418 адамды құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 984 адамды (537 ер адам және 447 әйел адамды) құрады.Бұрыңғы атауы - Жетікөл ауылдық кеңесі.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты

Қайыңды ауылдық округі -952 адам

Ақжар ауылы 551 адам

Көсембай ауылы 401 адам тұрады

Толығырақ

Телефон:

87133274810

Электрондық пошта:

d.bisebaev@aktobe.gov.kz

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты

Ойыл ауылы – Ақтөбе облысының батысында орналасқан шалғай аудандардың бірі.
Ауыл Ақтөбе облысының Қобда, Темір және Байғанин аудандарымен шектеседі.
Ауылда 3 елді мекен 1  ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Ойыл ауылы. Ауылдың жері негізінен эрозия-денудациялық жазықта орналасқан. Ауыл жерінен шығыстан батысқа қарай Ойыл өзені ағады. Оның Ащыойыл, Шағырлы, Қайыңды, Ботабай, Қиыл, Кенжалы, Қуырдақты, т.б. салалары бар. Бірнеше шағын көлдер (Қамыскөл, Соркөл, т.б.) орналасқан. Өзен аңғарында Барқын, Сарытөбе т.б. құмды алқаптар кездеседі.
Халық саны 01.01.2024 жыл бойынша 7,275 адамды құрайды, Халықтың ұлттық құрылымы: қазақтар – 7148 адам (98,2%),орыстар – 95 адам (1.3%), татарлар – 32 адам (0,48%). Ойыл ауылы, Ақтөбе қаласынан 260 шақырым қашықтықта орналасқан. Ойыл ауылның халық саны 01.01.2024 жыл бойынша 6,200 адам.

Толығырақ