Құрылым
Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Жергілікті бюджеттен тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек тағайындап және төлеуді ұйымдастырады, тапсырылған құжаттардың дұрыстығына қарама-қарсы тексеру жасайды, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы әлеуметтік көмек көрсетеді және есебін жүргізеді, еңбек рыногы жайында талдау және болжау жасау негізінде тұрғындарды жұмыспен қамту, ағымдағы және перспективадағы бағдарламасына ұсыныстар әзірлейді, оның іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек рыногы жөнінде мәлімет базасын қалыптастырып, жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуын, жұмысқа орналастырудың республикалық және аумақтық бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің бекітілген стандарттары мен регламентерінің сақталуын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтердің электронды көрсетілуін ұйымдастыру. Аудан әкімдігіне азаматтардың жұмыспен қамтылуы, олардың әлеуметтік жағдайы жөнінде ақпараттар дайындайды. Бөлім бойынша қабылданатын және аудан әкімдігіне ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің тіркелуіне әзірлеуші орган ретінде тікелей жауаптылықта болады. Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
Бөлім басшысы:
Даулеткалиев Сандыбек ТоксанбаевичТелефон:
8(71332)-2-19-45Электрондық пошта:
s.dauletkaliev@aktobe.gov.kzОйыл аудандық жер қатынастары бөлімі
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады, өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, оларға мониторинг және талдау жүргізеді, жерге орналастыру жұмысын ұйымдастырады және жер телімдерін құрады, жерге құқықты куәландыратын құжаттарды береді, жерді сату, сатып алу, жалға беру шарттарын жасауды қамтамасыз етеді, ауданның арнайы жер қорын құрады, мемлекет меншігіндегі жер телімдерін немесе жер пайдалану құқығын сатуды ұйымдастырады, экологиялық талаптарды реттейді, жердің тиімді пайдаланылуын бақылайды. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің бекітілген стандарттары мен регламентерінің сақталуын және электронды көрсетілуін қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігіне жерге орналастыру, жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру жөнінде материалдар дайындайды. Бөлім бойынша қабылданатын және аудан әкімдігіне ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің тіркелуіне әзірлеуші орган ретінде тікелей жауаптылықта болады. Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады..
Бөлім басшысы:
Туремуратов Маулен ОралұлыТелефон:
8(71332)21880Электрондық пошта:
m.turemuratov@aktobe.gov.kzОйыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Аудан халқын тамақ өнімдеріне сұранымын қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру арқылы ауылшаруашылығының тиімділігін көтеру, экономикалық өсуді жүзеге асыруға, ауылшаруашылығы өнімдерін шеткі рынокқа шығаруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізеді, ауыл шаруашылығы кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуді ұйымдастырады, аграрлық сектордың басымдық берілген бағдарламасын жетілдіру, рынок құрылымын ұйымдастырады, аудан шаруашылықтарындағы техника санына, қажеттілік деңгейіне және сатып алу мүмкіндігіне мониторинг жүргізеді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының егін шаруашылығымен дәнді дақылдар өсіру, өсімдік қорғау, селекциялық, өнімді қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастырады. Аудан көлемінде мал тұқымын асылдандыру шараларын үйлестіріп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидиялардың берілетін заңдылықтарын үнемі қадағалап, бақылауда ұстау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ауыл шаруашылығы бағыты бойынша талдау жасауға қатысады, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет саласында аймақтық бағдарламаларды, стратегиялық, индикативтік жоспарларды орындауды жүзеге асырады. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің бекітілген стандарттары мен регламентерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігіне ауылшаруашылығын дамыту жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы ақпараттар дайындайды. Аудан халқын тамақ өнімдеріне сұранымын қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру арқылы ауылшаруашылығының тиімділігін көтеру, экономикалық өсуді жүзеге асыруға, ауылшаруашылығы өнімдерін шеткі рынокқа шығаруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізеді, ауыл шаруашылығы кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуді ұйымдастырады, аграрлық сектордың басымдық берілген бағдарламасын жетілдіру, рынок құрылымын ұйымдастырады, аудан шаруашылықтарындағы техника санына, қажеттілік деңгейіне және сатып алу мүмкіндігіне мониторинг жүргізеді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының егін шаруашылығымен дәнді дақылдар өсіру, өсімдік қорғау, селекциялық, өнімді қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастырады. Аудан көлемінде мал тұқымын асылдандыру шараларын үйлестіріп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидиялардың берілетін заңдылықтарын үнемі қадағалап, бақылауда ұстау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ауыл шаруашылығы бағыты бойынша талдау жасауға қатысады, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет саласында аймақтық бағдарламаларды, стратегиялық, индикативтік жоспарларды орындауды жүзеге асырады. Аудан әкімдігіне ауылшаруашылығын дамыту жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы ақпараттар дайындайды. Бөлім бойынша қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің тіркелуіне әзірлеуші орган ретінде тікелей жауаптылықта болады. Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады. Бөлім бойынша қабылданатын және аудан әкімдігіне ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің тіркелуіне әзірлеуші орган ретінде тікелей жауаптылықта болады. Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
Бөлім басшысы:
Алдияр Арсланбек АлтынбекұлыТелефон:
8(71332)21746Электрондық пошта:
ar.aldiyar@aktobe.gov.kz"Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" ММ
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүделерді қорғайды, жолаушылармен жүктерді тасымалдау маршуттарын келіседі, жолаушылар мен жүктердің ауданішілік, қалааралық тұрақты тасымалын ұйымдастырады, автомобиль жолдарының құрылысын жүргізу, жөндеу, күтіп ұстау және жасыл желектендіру жөніндегі жұмыстар сапасын бақылауды жүзеге асырады және орындалған жол жұмыстарын қабылдап алады. Ауданның отын-энергетикалық кешенін, тұрғын үй коммуналдық саласын, тұрмыстық қамтамасыз ету салаларын дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бақылайды. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер түрлерінің бекітілген стандарттары мен регламентерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтердің электронды көрсетілуін Аудан әкімдігіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының жай-күйі туралы ақпараттар дайындайды. Бөлім бойынша қабылданатын және аудан әкімдігіне ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің тіркелуіне әзірлеуші орган ретінде тікелей жауаптылықта болады. Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
Бөлім басшысы:
Жалелов Айбек БайболатовичТелефон:
8(71332)-21974Электрондық пошта:
a.zhalelov@aktobe.gov.kz"Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Ауданда ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саясатының жүзеге асырылуын қадағалайды, мәдениет және тілдерді дамыту саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі іс-әрекеттерін үйлестіреді, тіл саясаты тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстарды, практикалық ұсынымдар әзірлейді, мәдениет мекемелерінің жұмыстарын жетілдіріп отырады. Ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденциясын талдайды, әлеуметтік-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дамытып отырады және қорытады, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік саясат, жаңа саяси бағыты стратегиясының, мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын медиа жоспарлауды жүзеге асырады, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық саяси және діни ұйымдармен, кәсіпорындармен, кәсіподақтармен, жұртшылық өкілдермен өзара байланыста болады, Қазақстан Республикасының заңдарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады, аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты жүргізуде орындау жөніндегі қызметін ұйымдастырады, аудан бойынша баспасөзге жазылуды жоспарлайды және ұйымдастырады. Аудан мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарт талаптарына сай орналастырылуына әдістемелік көмек көрсетіп мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия жұмысына, аудан әкімдігі жанындағы жастар кеңесіне, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесінің жұмысын үйлестіреді. Сайлау мен референдумдар өткізу жөніндегі шараларды жүргізеді. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің бекітілген стандарттары мен регламентерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігіне ауданда ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпараттар дайындайды.
Бөлім бойынша қабылданатын және аудан әкімдігіне ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің тіркелуіне әзірлеуші орган ретінде тікелей жауаптылықта болады. Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
Бөлім басшысы:
Жеткергенқызы ГүлзатТелефон:
8(71332)-22019Электрондық пошта:
g.zhetkergenkyzy@aktobe.gov.kz"Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімі" ММ
|
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін ұйымдастырады, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастырады, әлеуметтік-экономикалық дамуына экономикалық талдау, макроэкономикалық болжау жасайды және реформалар барысының тиімділігіне бағалау жүргізеді, ҚР Үкіметі Бағдарламасын орындау бойынша ауданның іс-шаралар жоспарын, салалық және аймақтық бағдарламаларды, стратегиялық орта мерзімді жоспарларды әзірлейді, жергілікті бюджеттің кірісін болжамдауды жүзеге асырады, сыртқы экономикалық және инвестициялық қызмет саласында аймақтық бағдарламаларды, стратегиялық, индикативтік жоспарларды үйлестіру, әзірлеу және орындауды, облыс, аудан әкімдігі мен әкімдерінің нормативтік актілерін орындауды жүзеге асырады. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің бекітілген стандарттары мен регламентерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттар дайындайды. Бөлім бойынша қабылданатын және аудан әкімдігіне ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің тіркелуіне әзірлеуші орган ретінде тікелей жауаптылықта болады. Бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады. |
Бөлім басшысы:
Адилханов БолатбекТелефон:
8(71332)-2-10-37Электрондық пошта:
b.adilkhanov@aktobe.gov.kz