Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Сұрақ-жауап

Өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз. Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады. Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы. Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының 6 бағыты мен 13 арнайы жобалары бойынша облыс көлемінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

 «Туған жер» арнайы жобасы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жалпы құны 10,4 млрд. теңге тұратын 2 020 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Акция аясында 461 меценаттың демеушілігімен 318 әлеуметтік-мәдени нысандарпайдалануға берілді.

2020 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жерлес-меценаттарының көмегімен барлығы 1 млрд. 180 млн. 114 мың теңгеге 377 жоба жүзеге асырылды.Оның ішіндегі ірі жобалар - Ақтөбе қаласында Ер Едіге батырдың ескерткіші (40 млн. теңге),Есет батыр Көкіұлының ескерткіші (120 млн. теңге) ашылды.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ» Ақтөбе облысының 97 тарихи және мәдени ескерткіштеріне бірегей және жекелеген QR-кодтар орнатылды.

Ойыл аудандық музейінің археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде  Берсиев округі маңындағы ерте дәуірде  адамдар мекендеген «Қаздыарал» тұрағынан ерте қола дәуірі мен орта ғасыр кезеңіне жататын ескі құмыра, адам сүйектері  табылды.

Бүгінгі таңда Кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіпөңірдегі туристік объектілердің картасы жасалып, Қобда, Ойыл, Мәртөк, Хромтау, Алға, Қарғалы, Ырғыз, Шалқар аудандарына 8 сапар ұйымдастырылды.

«ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» арнайы жобасыаясында2020 жылы барлық шаралар көрермендердің қатысуынсыз, онлайн режимінде ұйымдастырылды. 1500-ге жуық онлайн шара өткізіліп, қаралым саны 350 мың адамды құрады.

«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» арнайы жобасы аясында жарыққа шығарылған 77 оқулықтың 27 696 дана кітаптары жоғары оқу орындарына алынды.

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласында жарияланған «Архив-2025» арнайы жобасы бойынша архив қорындағы құжаттардың 5000 с.б. сандық нұсқаға көшірілді. 

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ» арнайы жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ақтөбе қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ»арнайы жобасы бойынша «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференция ұйымдастырылып, «Едіге» эпосы – түркі халықтарына ортақ мұра»атты кітабының тұсаукесері өтті.

Сәуір айында «Түркі әлеміндегі ұлы тұлғалардың рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми онлайн конференциясы өтті