Жиі қойылатын сұрақтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының 6 бағыты мен 13 арнайы жобалары бойынша облыс көлемінде тиісті жұмыстар атқарылуда.
«Туған жер» арнайы жобасы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жалпы құны 10,4 млрд. теңге тұратын 2 020 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Акция аясында 461 меценаттың демеушілігімен 318 әлеуметтік-мәдени нысандарпайдалануға берілді.
2020 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жерлес-меценаттарының көмегімен барлығы 1 млрд. 180 млн. 114 мың теңгеге 377 жоба жүзеге асырылды.Оның ішіндегі ірі жобалар - Ақтөбе қаласында Ер Едіге батырдың ескерткіші (40 млн. теңге),Есет батыр Көкіұлының ескерткіші (120 млн. теңге) ашылды.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ» Ақтөбе облысының 97 тарихи және мәдени ескерткіштеріне бірегей және жекелеген QR-кодтар орнатылды.
Ойыл аудандық музейінің археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Берсиев округі маңындағы ерте дәуірде адамдар мекендеген «Қаздыарал» тұрағынан ерте қола дәуірі мен орта ғасыр кезеңіне жататын ескі құмыра, адам сүйектері табылды.
Бүгінгі таңда Кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіпөңірдегі туристік объектілердің картасы жасалып, Қобда, Ойыл, Мәртөк, Хромтау, Алға, Қарғалы, Ырғыз, Шалқар аудандарына 8 сапар ұйымдастырылды.
«ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» арнайы жобасыаясында2020 жылы барлық шаралар көрермендердің қатысуынсыз, онлайн режимінде ұйымдастырылды. 1500-ге жуық онлайн шара өткізіліп, қаралым саны 350 мың адамды құрады.
«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» арнайы жобасы аясында жарыққа шығарылған 77 оқулықтың 27 696 дана кітаптары жоғары оқу орындарына алынды.
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласында жарияланған «Архив-2025» арнайы жобасы бойынша архив қорындағы құжаттардың 5000 с.б. сандық нұсқаға көшірілді.
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ» арнайы жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ақтөбе қаласында Абай ескерткіші орнатылды.
«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ГЕНЕЗИСІ»арнайы жобасы бойынша «Едіге батыр» эпосы және ұлттық руханият» атты халықаралық конференция ұйымдастырылып, «Едіге» эпосы – түркі халықтарына ортақ мұра»атты кітабының тұсаукесері өтті.
Сәуір айында «Түркі әлеміндегі ұлы тұлғалардың рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми онлайн конференциясы өтті
2018 жылғы 12 қыркүйекте ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті, оның барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» стандартының бүкіл мәтіні бойынша «QAZAQSTAN» латын графикасындағы «Қазақстан» сөзін жазу бөлігінде өзгерістер енгізілді. 2018 жылғы 1 қарашадан бастап «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар ҚР барлық Мемлекеттік Елтаңбалары біртіндеп «QAZAQSTAN» деген жазуы бар елтаңбаларға ауыстырылуда болады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурс «ҚР Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар конкурсқа қатысушы ұйым міндетті түрде Үкіметтік емес ұйымдардың республикалық дерекқорына өз қызметі туралы мәлімет ұсынған болуы қажет.