Құрылым

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты

Ауылдық округ орталығы – Құмқұдық ауылы, аудан орталығынан 85 км, Ақтөбе 
қаласынан 400 км. 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны 945 адамды құрайды. Ауылдық округке
1 елді мекен, Құмқұдық ауылы 224 шаруашылық кіреді. Ауылдық округтің аумағы 185 966 ​​га, оның
108 225 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Мал шаруашылығын жеке қосалқы шаруашылық жүргізеді.
Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты

Округ аумағы: Жер көлемі 67960 га, жайылым 66386 га. Орналасқан жері: Аралтоғай селосы – Әйтеке би ауданының оңтүстігінде орналасқан. Аудан орталығына 103 км. Ырғыз өзенінің сол жағасында, Ақтөбеден 236 км. Хромтау теміржол станциясына 115 км жерде. Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің бойында орналасқан. Халық саны: Аралтоғай ауылдық округі  - 1671. Округке кіретін ауыл атауы:   Аралтоғай ауылы, Қияқты елді мекені, Ұлғайсын елді мекені, Милы елді мекені. Негізгі шаруашылық бағыты ережесі: Ауылшаруашылығы мал өсіру.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Үшқатты ауылдық округі әкімінің аппараты

"Үшқатты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Үшқатты ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Толығырақ

Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты

Ауылдық округ орталығы – Жамбыл ауылы, аудан орталығынан-37 км, Ақтөбе қаласынан 270 км қашықтықта, Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылынан солтүстік шығысқа 38 км-дей жерде. Халық саны 2020 1 қаңтарына 670 адам. Ауылдық округ құрамында 1 елді мекен, Жамбыл ауылы -189 аула бар. Ауылдық округ аумағы – 12513 га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 132000 га құрайды. Мал шаруашылығы жеке қосалқы шаруашылығымен айналысады.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің аппараты

Округ аумағы – 383116 га. Орналасқан жері – ҚР, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылы, Самырат көшшесі 22/2. Халық саны – 1072. Округке кіретін елді мекендер – Жабасақ, Аққұм, Байжанкөл. Негізгі шаруашылық бағыты – мал шаруашылығы.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің аппараты

Ақтасты ауылдық округінің жер көлемі – 402 202 га, оның ішінде – 103 062 га ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Ақтасты ауылдық округінің орталығы – Ақтасты ауылы.Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе қаласынан 396 км, Әйтеке би ауданының орталығы  Т.Жүргенов ауылынан 96  км қашықтықта орналасқан.

Ақтасты ауылдық округі Ақтасты, Толыбай екі елді мекеннен құрылған.жалпы тұрғын үй саны – 130 үй (Ақтасты – 65 аула, Толыбай – 65 аула). Ауылдық округте қазіргі кезде 2020 жылғы санақ бойынша адам саны, барлығы- 900, оның ішінде:Ақтасты – 569, Толыбай – 331 адам.

Негізгі шаруашылық бағыты-мал шаруашылығы,яғни өз-өзін жұмыспен қамтушылар. Сонымен қоса тұрақты түрде жұмыс жасап тұрған әлеуметтік мекемелер – 2 мектеп, 1 балабақша, 1 шағын орталық, 2 ауылдық клуб, 2 медпункт, 2 кітапхана бар.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты

Әйке ауылдық округінің жер көлемі – 254 275 га, оның ішінде 108 043 га ауылшаруашылығына пайдаланылады. Әйке ауылдық округінің орталығы – Әйке ауылы, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ақтөбе қаласынан 430 км, Әйтеке би ауданының орталығы Т.Жүргенов ауылынан 120 км қашықтықта орналасқан. Әйке ауылдық округі Әйке, Тереңсай екі елді мекеннен құрылған. Жалпы тұрғын үй саны - 333 үй. (Әйке - 178 аула, Тереңсай - 155 аула). Ауылдық округте қазіргі кезде 2024 жылғы 1 қаңтарға жүргізілген санақ бойынша адам саны, барлығы 1687, оның ішінде: Әйке – 923, Тереңсай – 764  адам. Негізгі шаруашылық бағыты – егін және мал шаруашылығы, яғни өз-өзін жұмыспен қамтушылар. Сонымен қатар табыс көзінің басты көздеріне – Хромтау-Шолақсай бағытындағы округ территориясынан өтіп жатқан теміржол торабын жатқызуға болады. Экономикалық белсенді халық күшінің басым бөлігі теміржол саласында қызмет атқарады. Сонымен қоса Әйке шекара бекетін, Әйке өрт сөндіру бекетін, тұрақты түрде жұмыс жасап тұрған әлеуметтік мекемелер – екі мектеп, екі балабақша, екі ауылдық клуб, екі кітапхананы да атап өтуге болады.

«Әйке ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де қазіргі таңда ауылдық округ әкімі және 3 маман, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 кіші қызметкер, 3 от жағушы және 1 жүргізуші жұмыс жасайды.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенев ауылдық округі әкімінің аппараты

Темірбек Жүргенов ауылдық округінде бір елді мекен – Талдысай кіреді. Жалпы ауданы 3280223,12 га құрайды. Ауылдық округтің орталығы Темірбек Жүргенов ауылы болып табылады.

Жалпы халық саны – 7722 адам.

Әйтеке би ауданының орталығы Темірбек Жүргенов ауылы облыс орталығынан 320 шақырым жерде орналасқан.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қызылжұлдыз ауылдық округінің аумағы 125760 га құрайды, ауылдық округ құрамында 1 елді мекен бар, аудан орталығынан орналасқан Аралтөбе ауылында - 60 км, Ақтөбе қаласынан - 246 км. 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны: 784 адам

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты

Қарабұтақ ауылдық округі 1997 жылы 6 шілде № 115 аудан әкімінің шешімімен құрылды. Жалпы көлемі 2,63 мың.км2 немесе 7,3 % Әйтеке би ауданының көлемі. Қарабұтақ ауылдық округі Әйтеке би ауданының солтүстік және солтүстік-шығысындағы ауыл. Аралтөбе, Ақкөл, Аралтоғай ауылдық округтерімен және Хромтау ауданымен шекаралас. Округтің халық саны 2020 жылдың 1 қаңтарына 3232 адам.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты

Ауылдық округ атауы-Сарат. Ауылдық округтің жер көлемі- 243204 га. Мекен-жайы - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы. Халық саны-502. Негізгі экономикалық бағыты – ауыл шаруашылығы (мал шаруашылығы және егіншілік)

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тұмабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тұмабұлақ ауылдық округінің аумағы 505144га. Орналасқан жері Тұмабұлақ. Құрамына Тұмабұлақ және Сарбұлақ елді мекені кіреді. Халық саны: Тұмабұлақ-676, Сарбұлақ-174. Негізгі шаруашылық бағыты: Мал шаруашылығы.

Толығырақ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты

Сұлукөл ауылдық округі егін және мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы жер көлемінің аумағы-69741 га. Ауыл бойынша халық саны-720 адам. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны-261.

Толығырақ