Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бөлек тізім бойынша тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың есебін жүргізеді:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға беріледі.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы аналардың құқығы бар.