Жиі қойылатын сұрақтар
Мәліметтер:
– қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол;
немесе
- ҮЕҰ дерекқордың интернет-порталы (http://infonpo.gov.kz) арқылы 31 наурызға дейін ұсынылады.
Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін беру қажет.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.
ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.