Жиі қойылатын сұрақтар
ҮЕҰ үшін сыйлықақы - бұл ҮЕҰ әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру мақсатында берілетін институционалдық қолдау.
Сыйлықақы 16 әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін бюджет қаражаты есебінен беріледі. Бір бағыт бойынша сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.
Сыйлықақы беру бойынша конкурс жыл сайын өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады. Конкурстың басталғаны туралы хабарландыру 1 шілдеге дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында жарияланады.
Сыйлықақы беру жөніндегі конкурсқа қатысу рәсімдері Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген) реттеледі.
Конкурсқа қатысуға жіберіледі:
- Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ;
- Соңғы үш жылда сыйлықақы иегері болып табылмайтын ҮЕҰ.
Конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
- үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған ҮЕҰ;
- Соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ
ҮЕҰ өтінімдері екі кезеңде қаралады:
- бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақыға үміткерлердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;
- екінші кезеңде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды.
Мемлекеттік гранттар – ҮЕҰ үшін конкурстық негізде әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі. Гранттар мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау сәйкес беріледі (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығы).
Мемлекеттік гранттарды беруді мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбелері негізінде мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру саласындағы оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жүзеге асырады.
Гранттар бойынша конкурстық хабарландырулар, сондай-ақ гранттық жобалар туралы ақпарат және гранттық жобалар бойынша ҮЕҰ есептері оператордың сайтында https://www.cisc.kz орналастырылады.
Мемлекеттік грант алу үшін ҮЕҰ оператор сайтында жарияланған конкурсқа қатысуға өтінім беруге тиіс. Өтінім конкурстық хабарландыруда белгіленген мерзімде беріледі және грант түріне байланысты барлық талап етілетін құжаттарды қамтуы тиіс.
Грант алушыларды іріктеу 2 кезеңде жүргізіледі: алдымен өтінімдерді сараптамалық бағалау жүргізіледі, содан кейін конкурстық комиссия грант алушыларды айқындау жөнінде шешім қабылдайды.
Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – заң) шеңберінде жүзеге асырылады. Осылайша, Қоғамдық кеңестің мүшесі өзі тұратын Қоғамдық кеңеске жазбаша нысанда өтініш беру арқылы Қоғамдық кеңестің құрамынан өз қалауы бойынша шыға алады. Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін. Бұл Қоғамдық кеңес мүшесінің соттылығы болмауға, заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмауға, сондай-ақ психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс дегенді білдіреді. Осылайша, мүшелердің өкілеттіктерін алып тастау немесе тоқтату жөніндегі өкілеттік Қоғамдық кеңестің өзіне бекітілген.
|
Жұмыс тобының құрамы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 326 бұйрығымен бекітілді, ол министрліктің сайтында орналастырылған. |
Дегенмен, сіз жұмыс тобының кеңейтілген отырыстарына қатысып, өз ұсыныстарыңызды электрондық мекен-жайға ta.akhmadiev@qogam.gov.kz «қоғамдық бақылау» белгісімен жібере аласыз.
|
«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығының 11 тармағына сәйкес, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйлықақыға үміткерге конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес); 5) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін. 6) банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (түпнұсқа). |
Қағидалардың 6 тармағына сәйкес, Үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алғаннан кейін үш жыл ішінде оның сыйлықақы алу үшін қайта ұсынылуына жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір бағыттан артық бағыт бойынша ұсыныла алмайды.
|
Сыйлықақылар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес беріледі (бұдан әрі–Қағидалар). Сыйлықақы алуға өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар береді. Сыйлықақылар ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі. Сыйлықақы алуға конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыруды Уәкілеттті орган жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей интернет-ресурсқа орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін және сыйлықақылар беру бағыттарын қамтиды. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес); 5) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін. |
6) банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (түпнұсқа).
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру 15-бағыт бойынша жүзеге асырылады. Гранттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады. Мемлекеттік гранттарды беру уәкілетті органның үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспары және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беруге ашық конкурс өткізу негізінде жүзеге асырылады. Заңның 6-1 бабының 4-тармағына сәйкес грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделгенін хабарлаймыз. Сыйлықақылар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес конкурстық түрде өткізіледі. Сыйлықақы беру конкурсына Қазақстандағы барлық үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алуға ұсыну туралы өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды. |
Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес, кеңес мүшелерінің жалпы санының үштене кісі халықтың түрлі топтарын білдіретін азаматтық қоғам өкілдері болып табылады.
Мұндай арақатынас жылдар бойы өзінің пәрменділігін көрсетті, сондықтан бұл арақатынас Министрлік әзірлеген заң жобасында өзгеріссіз қалды..
Сонымен қатар, азаматтық қоғам өкілдері арасынан кеңестер қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысын сайлау ұсынылады.
Заң жобасы ұсынған кеңестер қатарына сайлау процедурасы қарапайым адам үшін өте қолжетімді.
Әрбір азамат өтініш беруге, құжаттарды тапсыруға құқылы.
Әрбір азамат өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады (заң жобасының 9-бабының 1-тармағы).
Бұдан басқа, азаматтар коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылуы мүмкін, бұл оларға қоғамдық кеңестердің мүшелігіне еркін кіруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық кеңестер туралы заңнама әрбір азаматқа Қоғамдық кеңестің мүшесі болуға мүмкіндік береді. Кеңестер қатарына ҮЕҰ өкілі ғана емес, өзін-өзі ұсын уарқылы кез келген азаматта сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабында мүшелікке кандидаттарға қойылатын талаптар көзделген. Адамісті болмауы тиіс, психо және наркодиспансерде есепте тұрмауы тиіс және қоғамдық кеңестер туралы заңнамада көзделген құжаттарды ұсынуы тиіс. Бұл талаптарды әрбір үміткер сақтауы тиіс.
Кандидаттарға азаматтардың құқықтарын шектейтін және көрсетілген НҚА-да көзделмеген өзге талаптар қойылмайды.
Осылайша, қоғамдық кеңестер қатарына кез келген азамат сайлана алатын қоғамдық орган болып табылады.
Қоғамдық тәртіпті, жедел медициналық көмекті, өртке қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне мемлекеттік органдар жауап береді.
Ұйымдастырушы үгіт, плакаттар, транспаранттар дайындау бойынша шығыстарды, айырым белгілерін дайындау және бейбіт жиналысты өткізуді қамтамасыз етуге байланысты өзге де мәселелерді қамтамасыз етеді.