Жиі қойылатын сұрақтар
|
Спортшыны тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты басқа облысқа ауыстыруға болмайды, себебі бұл негіз қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен бекітілген «Спорттық резервті даярлау, спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» 25-тармағына сәйкес, спортшының бір спорт ұйымынан екіншісіне ауысуы тек келесі жағдайларда жүзеге асырылады: 1. Әскери қызметке шақырылуына байланысты; 2. Білім беру ұйымының күндізгі бөлімінде оқуына байланысты; 3. Спорттық қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда; 4. Тараптардың келісімі бойынша спорттық қызмет туралы шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы кезінде. Осылайша, спортшының тұрғылықты жерін өзгертуі оны басқа облысқа ауыстыруға заңды негіз болып табылмайды. Мысал: Егер спортшы отбасылық жағдайына байланысты Шығыс Қазақстан облысынан Астана қаласына қоныс аударса, ол автоматты түрде Астана қаласының спорт ұйымына ауыстырылмайды. Ауысу үшін жоғарыда аталған ресми негіздердің бірі болуы қажет. |
Әлеуметтік, кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес грант беру жөніндегі конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер немесе «Бір ауыл – Бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.
Қаңғыбас иттерді аулауға рұқсат етіледі. Облыс аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және олардың санын реттеу «Ветеринария туралы» және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Процесс Жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру ережелерімен реттеледі.
Бұл шаралардың орындалуын бақылауды ШҚО ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асырады, ал жануарларды аулау жөніндегі бригадалар белгіленген кесте бойынша тұрақты сапарлармен жұмыс істейді.
"Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша микрокредит алу үшін микрокредит алу үшін Қағидаларға № 1 қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесімен сенім білдірілген өкілге (агентке) жүгіну қажет. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттар мен мәліметтердің мазмұнын тексеру мерзімі құжаттар тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады. Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) үміткердің құжаттары тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұсынылған жобаға бағалау жүргізеді және микрокредитті мақұлдау не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қаржыландыру шартының талаптарына сәйкестігіне оң баға алған өтінімдер кредиттік комитеттің қарауына және шешіміне жіберіледі. Кредиттік комитеттің отырысы қарыз алушылардың құжаттарының дайындығына қарай өткізіледі. Кредиттік комитет микрокредит беру туралы шешім қабылдағаннан кейін микрокредит беру үшін іріктелген үміткер микрокредит беру туралы шартқа, Сенімгермен және сенім білдірілген өкілмен кепіл шартына қол қояды. Кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл 5 жұмыс күні ішінде микрокредит сомасын оның ағымдағы шотына аударады. Қарыз алушы қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және сенім білдірілген өкілге микрокредитті алған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде микрокредиттің нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжаттарды беруге міндетті. Микрокредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланудың растайтын құжаттары мерзімінде ұсынылмаған жағдайда, микрокредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған болып есептеледі. Қарыз алушы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша несие қаражатын пайдалануға міндетті.
1 жасқа дейінгі балаларға тегін тамақ беру Бұйрыққа сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Абсолютті көрсеткіштер:
- жасанды тамақтандыру:
- медициналық:
- емізетін ананың аурулары:
- АИТВ-инфекциясы, туберкулездің белсенді түрі;
- баланың аурулары:
- расталған туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі сиропы» ауруы;
- әлеуметтік: асырап алынған балалар.
Салыстырмалы көрсеткіштер:
- жасанды тамақтандыру:
- медициналық:
бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды (цитостатиктер, радиоактивті, қалқанша безінің, психотроптық, есірткі) қабылдаумен сүйемелденетін емізетін ананың аурулары:
жедел психикалық аурулар (психоздар немесе босанғаннан кейінгі ауыр депрессиялар), туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен бірге жүретін жүрек аурулары, эндокриндік аурулардың ауыр түрлері, аллергиялық аурулардың ауыр түрлері;
- жасанды және аралас тамақтандыру:
медициналық:
бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды (цитостатиктер, радиоактивті, қалқанша безінің, психотроптық, есірткі) қабылдаумен сүйемелденетін емізетін ананың аурулары:
қан жүйесі мен қан түзуші аппарат ауруларының ауыр түрлері, қатерлі онкологиялық аурулар, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен бүйрек ауруларының ауыр түрлері, іріңді-септикалық аурулар, гипогалактияның бастапқы түрлері;
- әлеуметтік:
- көп жүктілік кезіндегі балалар;
- білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аналардың балалары,
- ананы стационарлық емдеу
Бруцеллезбен ауыратын жануарлар анықталған кезде қаланың, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде:
1) жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді;
2) 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) жібереді.
Санитариялық союды жүзеге асыру үшін қала, аудан бөлімшесі сою объектілерінің басшыларымен бірлесіп, бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін аптасына бір санитариялық күн белгілейді.
Агрессивті қаңғыбас иттер табылса, жануарларды аулау қажеттілігі туралы өтінішпен қалалар мен аудандардың ветеринария саласындағы кәсіпорындарға хабарласу қажет. Егер мәселе шешілмесе Сіз шағым беруге құқығыңыз бар. Шағым актісіне, әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасалған органға беріледі. Шағым әкімшілік актіні қабылдау туралы немесе іс-әрекеттің/ әрекетсіздіктің жасалуы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі. Шағымда жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, өтініш жасалған күнді және Сіз жүгінген ұйымның атауын көрсету ұсынылады. Бұл қажетті шараларды қарастыру және қабылдау процесін жеделдетуге көмектеседі.
Құрылыс лицензиясын алу үшін Сізге: «Электрондық лицензиялау» порталына кіріңіз немесе тіркеліңіз. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының бетінде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінімді
толтырыныз.
Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:
1) өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесін айқындайтын, бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары бар және жалпы алаңы көрсетілген масштабтағы кен іздеушілік аумағына нұсқау.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
2) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
3) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде толтыруы тиіс.
Мемлекеттік қолдаудың 4 шарасы іске асырылады:
1) Санитарлық- гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау;
2) Туризм объектілерін салу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
3) Жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
4) Туристік автобустарды сатып алу кезіңде шығындардың бір бөлігін өтеу.
|
Тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз миссионерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. Бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған: 1. Қазақстан Республикасының азаматтарына — 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу; 2. шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға — Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу.
Миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі (Анықтама «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңының 1-бабында көрсетілген).
Миссионерлік қызметті тіркеу үшін «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін алу қажет. Бұл қызмет жергілікті атқарушы органмен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сай көрсетіледі.
Мысал: Егер адам миссионер ретінде тіркелмей, діни материалдарды тарата отырып үйлерді аралап немесе қоғамдық жиналыстар өткізсе, бұл заң бұзушылық болып саналады және айыппұл салынады.
|