Жиі қойылатын сұрақтар

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы белгіленген құзыретіне сәйкес облыс аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды, ақпараттық саясат саласында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық материалдарды орналастыру және жариялау мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына жүгіну ұсынылады.

Байланыс деректері:

  • Мекенжайы: 070019, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 40, 2-қабат, 234-кабинет;
  • Кеңсе телефоны: +7 (7232) 713-222;
  • Электрондық пошта: u.kantselyariya@akimvko.gov.kz;
  • Ресми сайт: gov.kz.

Жүгіну тәсілдері:

  • жазбаша өтініш;
  • электрондық пошта арқылы өтініш жолдау;
  • электрондық өтініштер порталы арқылы электрондық өтініш беру.