Құрылым

Риддер қаласының әкімдігі

Біздің ресми сайтқа қош келдіңіздер!

Риддер-бұл 58 мыңнан аса  халқы бар өнеркәсіптік,  тау-кен өндірісі, өңдеу және металлургия өнеркәсібі, шағын және орта бизнес секторы дамыған қала.

Біздің қала көрікті жерде орналасқан және туризмді дамыту үшін зор мүмкіндіктері бар. Біздің басты құндылығымыз - ол Риддер қаласында тұратын және жұмыс істейтін адамдар: халықаралық аренада есімдері әйгілі спортшылар, ерекше дарынды әншілер, ақындар, суретшілер, жазушылар және қолөнершілер. Риддер - зор мүмкіндіктері бар, болашаққа жұмыс істейтін қала.

Біздің сайт барлықтарыңызға  ашық және Сіздерді қызықтырып, сайтқа жиі кірушілердің  қатарынан боласыздар деп үміттенеміз. 

Толығырақ

Марқакөл ауданының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Марқакөл ауылы.

Аудан батысында Күршім, солтүстігінде Катонқарағай, оңтүстігінде Зайсан аудандарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

23 елді мекен 5 ауылдық округке біріктірілген.

Толығырақ

Үлкен Нарын ауданының әкімдігі

"Үлкен Нарын ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын ауданды дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізуді қамтамассыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ

Самар ауданының әкімдігі

Самар ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы Самар ауылы болып Семей округі құрамында 1928 жылдың 17 шілдесінде Семей губерниясындағы Бұқтырма уезінің Тимофеев болысы, Зайсан уезінің Көкпекті болысы, Өскемен уезінің Бөкен болысы бірігуімен құрылды. Оның құрамына 24 ауылдық Кеңес (Александов, Батан, Братск, Бөкен, Қазынақ, Көкпекті, Малороссиск, Мариногорск, Меновновск, Миролюб, Мәскеу, Ново-Архангельск, Олегов, Пантелеймонов, Петропавловск, Подгорный, Преображенский, Прохладненский, Розовск, Самар, Славянск, Тимофеев, Шегелек, Чистоярск) кірді.

Толығырақ

Телефон:

+772(333) 31-118

Электрондық пошта:

s.zhenisov@akimvko.gov.kz

Шемонаиха ауданының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан  Шемонаиха ауданы 1928 жылы құрылды. 4 мың км аумақты алып жатыр, халық саны - 48,2 адамды құрайды. Ауданда 11 әкімшілік- аймақтық бірлік, оның ішінде 8 – ауылдық округтер, 2 кент және 1 қала округтері бар. Аудан өміріндегі мағыналы және қызығы көп оқиғалар сайт беттерінде жарық көреді. Сайт арқылы біз білуге құмар адамдарға ауданның даму тарихын, көз тартарлықтай ескерткіштерін, оның бүгінгі өмірі жөнінде білімдерін кеңейту мүмкіндігін ұсынамыз. Мұнда сіздер атқарушы билік ұйымдарының әрекеттерін, мемлекеттік мекеменің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардын ресми кездесулері, жұмыс іссапарлары туралы ақпаратпен таныса аласыздар. Біздің сайт, Интернет – қолданушылар мен атқарушы билік ұйымдарының арасында ақпарат алмасудың тиімді тәсілі болатынына, Шемонаиха ауданы және жалпы Шығыс Қазақстан облысы жөніндегі танымдарын кеңейте түсуге жағдай жасайтынына сенімдімін.

Толығырақ

Телефон:

87233232401

Электрондық пошта:

d.shurmanov@akimvko.gov.kz

Ұлан ауданының әкімдігі

Ұлан ауданы Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан, 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 9,63 мың ш. км. құрайды.

Ауданның климаты күрт континентальды, ауа температурасының тәуліктік, маусымдық және орташа жылдық ауытқуларының үлкен амплитудасы бар. Табиғи-климаттық жағынан аудан бірегей аймақ болып табылады, онда дала, шөл және тау-тайгалық ландшафтар көршілес.

Ауданның әкімшілік орталығы-облыс орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан Қасым Қайсенов кенті. Халық саны 38,6 мың адамды құрайды, ол 16 ауылдық округте орналасқан 45 елді мекенде тұрады.

Толығырақ

Тарбағатай ауданы әкімдігі

«Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім және аудан әкімдігі қызметінің ақпаратты-талдау, ұйымдастырушы-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын атқарушы-өкілетті орган болып табылады. Аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сонымен қатар заңға сәйкес банктерде есеп шоттары болады. Аудан әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарда өз атынан шыға алады.

Толығырақ

Күршім ауданының әкімдігі

Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілеріне және қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Толығырақ

Алтай ауданының әкімдігі

Алтай ауданы 1 056 096 га алаңымен аумақты алып жатыр, бұл облыс алаңының 3,7% құрайды. Алтай ауданының ауданының аумағында екі қала орналасқан: Алтай және Серебрянск; 4 кент: Прибрежный, Зубовск, Октябрьск, Жаңа Бұқтырма; 9 ауылдық округ: Малеевск, Северное, Средигорный, Чапаево, Парыгино, Никольск, Соловьево, Полянск, Тұрғысын. Аудан орталығы - Алтай қаласы, облыс орталығы – Өскемен қаласынан 175 шақырым жерде орналасқан.

Толығырақ

Катон-Қарағай ауданының әкімдігі

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын ауданды дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізуді қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ

Зайсан ауданының әкімдігі

Сауыр тауын бойлай өтіп, оның  етегінде «Кішкене тау» сайлары арқылы Зайсан ойпатына құлай ағатын көп өзендердің бірі «Жеменей» деп аталды. Осы ну орманды Жеменейдің жоғары саласында 1830-1840 жылдары қазіргі Зайсан қаласының алғашқы іргетасы қаланыпты. Сонымен бірге Семей, Павлодар, Қарқаралы, Өскемен қалаларынан Зайсанға ағылған жолаушылар бұл өңірді «Зайсан» деп атады.

Толығырақ

Телефон:

872340-21-301

Электрондық пошта:

a.akhmetsalimkyzy@akimvkogov.kz

Глубокое ауданының әкімдігі

Глубокое ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік –батысында орналасқан, 1964 жылы құрылған.

Толығырақ

Өскемен қаласының әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, облыс құрылымдарымен байланысты жүзеге асыру. 

Толығырақ