Құрылым
Ішкі аудит басқармасы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Министрліктіңбірінші басшының - Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығымен құрылады.
Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңына, қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік органның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Басқарманың құрылымы және штаттық саны (сандық құрамы) Министрліктің аппарат басшысымен (немесе белгіленген тәртіппен Министрліктің аппарат басшысының міндеттері/өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлғамен) бекітіледі.
Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі осы Ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді, және ол Министрліктің аппарат басшысымен (немесе белгіленген тәртіппен Министрліктің аппарат басшысының міндеттері/өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлға) бекітіледі.
Басқарма басшысы:
Ктанова Сауле МырзагалиқызыТелефон:
74-07-78Электрондық пошта:
s.ktanova@adilet.gov.kzЖұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасы
Жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын, Министрліктің Регламентін, осы Ережені және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, азаматтық қорғаныс мәселелерін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасындағы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасы бекітеді.
Басқарма басшысы:
Шаяхметова Зауреш ЖакыпбекқызыТелефон:
74-06-72Электрондық пошта:
z.shayakhmetova@adilet.gov.kz