Құрылым
«Сот сараптамалары орталығы» РМҚК
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Қазақстандағы сот сараптамасының мемлекеттік жүйесін құрайды.
«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылығы 3 ақпандағы № 34 қаулысына сәйкес Орталық Сот сараптамасы және Сот медицина орталықтарын біріктіру жолымен қайта құрылды.
Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасы өндірісін қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда Орталық жанында ірі қалалар мен барлық облыс орталықтарында орналасқан 17 Сот сараптамасы институттары жұмыс істейді, оларда 2800-ге жуық қызметкер, оның ішінде 1000-нан астам жоғары білікті сот сарапшылары қызмет етеді.
Филиалдарда криминалисталық, арнайы, химиялық және медициналық салалардағы сараптамалық мамандықтардың 57 бағыты бойынша сот сараптамасының 30 түрі жүргізіледі.
Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері келіп түскен кезде сот сараптамасы органындарында шарттық негізде 32 түрлі зерттеулер жүргізіледі, бұл ретте сарапшылар маман ретінде қатысады.
Сондай-ақ, Орталық жанында Сот сараптамаларының ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді, оның негізгі қызметі сот сараптамаларын жүргізу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сот-сараптама кадрларын кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады.
Начало формы
Конец формы
Орталықтың ресми Интернет-ресурсы http://forensic.gov.kz/
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты» ШЖҚ РМК
1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығына қол қойып, Республикалық құқықтық ақпарат орталығын құрылды.
Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына сәйкес Кәсіпорын оған «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылды және тапсыру актісіне сәйкес оның барлық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде норма шығармашылық қызметтің тиімділігін арттыру және құқықтық ғылымның рөлін күшейту; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз етуге қатысу; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай деректер базасын жүргізу; компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, құқықтық ақпаратты алуда мемлекеттік органдарға, өзге де заңды және жеке тұлғаларға жәрдемдесуге бағытталған ақпараттық жүйелер қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Директор:
Джигитекова Жанара НуржановнаТелефон:
8 (7172) 26-61-22Электрондық пошта:
jigitekova.zh@zqai.kz«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Институт) 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №756 қаулысына сәйкес құрылған.
Институт «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 806 Жарлығына сәйкес құрылған Ұлттық патент ведомствосының құқықтық мұрагері болып табылады.
Институттың қазақ тіліндегі толық ресми атауы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; қысқартылған атауы – «ҰЗМИ» РМК.
Институттың орыс тіліндегі толық ресми атауы – Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный институт интеллектуальной собственности» Министерства юстиции Республики Казахстан; қысқартылған атауы – РГП «НИИС».
Ағылшын тіліндегі толық атауы - Republican State Enterprise on the right of economic management "National Institute of Intellectual Property" of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan; қысқартылған атауы - RSE “NIIP”.
Институт заңды тұлға болып табылады, өзінің теңгерімі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар мөрі және атауы, бланкілері, тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы) және заңды тұлғаның басқа деректемелері бар.
Институт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады.
Институт өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға және міндеттерге ие болады, сотқа талапкер және жауап беруші ретінде қатыса алады.
Институттың орналасқан жері – Нұр-Сұлтан қаласы. Орналасқан мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 57А-ғимарат.
Институт қызметінің мақсатына жеке және заңды тұлғаларға қызметтің негізгі түрлері бойынша сараптамалық қызметтерді көрсету жатады.