Жиі қойылатын сұрақтар
Берешекты өндіру туралы атқарушылық өндірісін орындау барысында, сот орындаушының қаулысымен борышкердің мүлігіне салынған тыйымды, берешегі өтілгені туралы дәлелдеме құжатынқоса жазбаша арызымен сот орындаушыға жүгіну арқылы алу мүмкін.
Сонымен қатар, орындауды қамтамасыз ету мақсатында соттын ұйғарымы негізінде мүлікке салынған тыйым, тыйымды салған сотпен алынады. Сотпен мүліктен тыйым алу туралы шығарылған ұйғарымы, сот орындаушыға орындау үшін талап етіледі.
ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының 33-бабына сәйкес, сот орындаушысы: атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам;
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.
Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі-заң) 28-бабына сәйкес авторлық құқық автордың бүкіл өмірі бойы және ол қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы қолданылады.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап ғаламтор арқылы неке қию үшін электронды түрде өтініш қабылдау енгізілген. Арыз www.egоv.kz. электронды үкімет порталында толтырылады.
Неке қиюды тіркеу үшін электронды арызы Қазақстан Республикасының алғашқы рет неке қию үшін берген және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, ғаламторға қол жетімділігі бар азаматтар бере алады. Сонымен қатар, тағы бір қажетті шарт - ол қызмет көрсетуге автоматтық жүйе арқылы төлем шлюзі бойынша төленеді.