Жиі қойылатын сұрақтар
бөтен жер учаскесін және (немесе) жылжымайтын мүліктің басқа да объектісін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану және өзге де қажеттер үшін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы;
Кадастрлық нөмір дегеніміз- жылжымайтын мүлік объектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын нөмірі;
ия, Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңына 62-бабына сәйкес прокурордың санкциясымен өндіріліп алынатын сомаға мөлшерлес сомаға тыйым салуға міндетті.
- ЭЦҚ (электрондықцифрлыққолтаңба) алу;
- Egov.kz порталына тіркелужәне өтініш беру;
- өтінішке апостильдеуге жататын құжатты қоса тіркеу;
- оң шешім болған жағдайда кез-келген банк картасымен немесе тұлғалық шоттан 0,5 ЕАК көлемінде мемлекеттік баж төлеу;
- жеке кабинетте бір жұмыс күні ішінде келіп түсетін өз өтінішіңіз туралы хабарламамен танысу.
- Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы;
- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы;
- Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметте қамтитын техникалық паспортқа қосымшасы.
2018 жылғы қыркүйектен бастап мемлекеттік тізілімге тек мүліктік емес құқықтар туралы мәліметтер енгізіледі.
Авторлық құқық объектілері болып табылмайды:
- Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
- мемлекеттік рәміздер мен белгілер (тулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер);
- халық шығармашылығы туындылары;
- оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.
Авторлық құқық объектілері:
- әдеби шығармалар;
- драмалық және музыкалық-драмалық шығармалар;
- сценарий туындылары;
- хореография және пантомима туындылары;
- мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
- дыбыстау-бейнелеу туындылары;
- кескіндеме, мүсін, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
- қолданбалы өнер туындылары;
- сәулет, қала құрылысы, дизайн және бақ-саябақ өнері туындылары;
- фотографиялық туындылар және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындылар;
- карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
- туынды және құрама.
- Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы;
- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы;
- Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметте қамтитын техникалық паспортқа қосымшасы.
1) құқықтық ақпарат беру;
2) құқықтық консультация беру;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;
4) жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.
Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.