Жиі қойылатын сұрақтар
2011 жылдың қаңтар айынан бастап ғаламтор арқылы неке қию үшін электронды түрде өтініш қабылдау енгізілген. Арыз www.egjv.kz. электронды үкімет порталында толтырылады.
Неке қиюды тіркеу үшін электронды арызы Қазақстан Республикасының алғашқы рет неке қию үшін берген және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, ғаламторға қол жетімділігі бар азаматтар бере алады. Сонымен қатар, тағы бір қажетті шарт - ол қызмет көрсетуге автоматтық жүйе арқылы төлем шлюзі бойынша төленеді.
ҚР ӘМ 27.05.2020 жылғы №58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай, нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы біріңғай Қағидаға сәйкес, қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қалауы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде немесе «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы электрондық түрде өтініш береді.
Қызмет беруші Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қойылады.
Яғни, мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру, тез әрі сапалы көрсету болып табылады. Азаматтарға электронды түрде өтініш берудің тиімділігі 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Орталықтандырылған электронды репозиторий жүйесі мен нотариустың электронды архивін құру 2022 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асырылады.
Заңның жаңашылдығының бірі – жылжымайтын мүлікпен мәмілерді ресімдеуде эксаумақтық қағидатының енгізілуі. Бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеп, өздері тұрып жатқан елді мекенде отырып республиканың басқа жеріндегі жылжымайтын мүлкін рәсімдеуге мүмкіндік береді және коронавирус инфекциясының таралуы жағдайында өте өзекті болып табылады.
Жүйеде әрбір нотариаттық құжатқа автоматты түрде бірегей QR-код берілетін болады. Бұл құжатты бұрмаланудан сақтайды.
ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқытарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, 6 айдан кещіктірмей мемлекеттік тіркеу өтініш беру тиіс болатын.
ҚР ӘҚБтК-нің 460 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін өткізіп алса – ескерту жасауға әкеп соғатын, әрекет 1 жылдың ішінде қайталап жасалса, жеке тұлғаға 10 АЕК, заңды тұлғаға-20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын.
Қолданыстағы заңнамаға 26.01.2021 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, алынып тасталынды.
ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Заңына сәйкес ту, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері, мемлекеттік нышандар мен белгілері, ресми құжаттар заңдар, сот шешімдері, халық шығармашылық туындылары авторлық құқық обьектілеріне жатпайды.
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға беру және өтінім түскен күннен бастап бір жұмыс күніне дейін қызмет көрсету мерзімін қысқарту үшін электронды түрде көрсетіледі.Қызмет электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинеті арқылы көрсетіледі. Өтініш беруші ЭСҚ көмегімен порталды авторизациядан өтеді және ҰЗМИ РМК сайтына сілтеме жасайды, онда ол міндетті өрістерді (ЖСН, жұмыс атауы, құрылу күні және обьектінің түрі) толтырады және бұл деректер өтініште құралады. содан кейін туындының электронды данасы жалғанады.
Автор-шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға.
Авторлық құқық мақсатында, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектінің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданады.
Авторлық құқық -бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау мен пайдалануға байланысты туындаушы қатынастар.Авторлық құқық обьектілері болып әдебиет, драма, сцерарийлік немесе аудио-визуалды туындылар, декортивтік және қолданбалы өнер туындылары, жинақтар және басқада декоративтік туындылар есептеледі.Құқықтық қатынастардың обьектілері бар болғандықтан, ендеше осы құқықтық қатынастарға ие субьектілерде болуы керек, сәйкесінше авторлық құқық субьектілері туындылардың авторлары, ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқарушы мұрагерлер және құқықтық мұрагерлер немесе ұйымдар бола алады.