Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ға беру және өтінім түскен күннен бастап бір жұмыс күніне дейін қызмет көрсету мерзімін қысқарту үшін электронды түрде көрсетіледі.Қызмет электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинеті арқылы көрсетіледі. Өтініш беруші ЭСҚ көмегімен порталды авторизациядан өтеді және ҰЗМИ РМК сайтына сілтеме жасайды, онда ол міндетті өрістерді (ЖСН, жұмыс атауы, құрылу күні және обьектінің түрі) толтырады және бұл деректер өтініште құралады. содан кейін туындының электронды данасы жалғанады.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап ғаламтор арқылы неке қию үшін электронды түрде өтініш қабылдау енгізілген. Арыз www.egjv.kz. электронды үкімет порталында толтырылады.
Неке қиюды тіркеу үшін электронды арызы Қазақстан Республикасының алғашқы рет неке қию үшін берген және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, ғаламторға қол жетімділігі бар азаматтар бере алады. Сонымен қатар, тағы бір қажетті шарт - ол қызмет көрсетуге автоматтық жүйе арқылы төлем шлюзі бойынша төленеді.
ҚР ӘМ 27.05.2020 жылғы №58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай, нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы біріңғай Қағидаға сәйкес, қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қалауы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде немесе «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы электрондық түрде өтініш береді.
Қызмет беруші Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қойылады.
Яғни, мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру, тез әрі сапалы көрсету болып табылады. Азаматтарға электронды түрде өтініш берудің тиімділігі 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі Заңының талабына сәйкес, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу жұмыстарын (оның ішінде тіркеу, қайта тіркеу, тарату), мемлекеттік органдардың сұрау хаттарына ақпарат беруді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып табылады және 2019 жылдың 1-ші шілдесінен бастап коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу функциялары және олардың мұрағаттық құжаттары мемлекеттік корпорациясы АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына тапсырылды
Алимент мөлшерін азайтуға тек дәлелді себептер болған жағдайда ғана сотқа жүгінуге болады. Алимент мөлшерін азайту соттың шешімінің негізінде жүзеге асырылады.