Жиі қойылатын сұрақтар
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы жәрдемақы алуға өтініш берген уақытта жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік туындаған жағдайда тағайындалады. Жұмыс істейтін мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу мүгедек балаларға бір немесе екі ата-анасының қайтыс болуына байланысты көзделген, Заңның осы нормасы 2021 жылғы 24 қазаннан бастап қолданылады.
Егер жеке тұлға өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын қамтитын бірыңғай жиынтық төлемді төлесе және осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өзінің жеке зейнетақы шотын толтырса, онда бұл аударымдар жинақтаушы өтілге ескерілетін болады және тиісінше мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар салымшы агентімен (жұмыс берушімен) аудару жолымен төлейді. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан бұрын – ЗТМО) аудару арқылы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) мына жеке тұлғалар ғана төлей алады:
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке нотариустар;
- жеке сот орындаушылары;
- адвокаттар;
- кәсіби медиаторлар;
-азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.
Осылайша, егер жеке тұлға жоғарыда аталған адамдар санатына жатпаса, онда МЗЖ есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетінше толтыру заңнамада көзделмеген.
Қазақстанда зейнетақы жинақталатын құрамдастардың үш түрі бар:
- базалық;
- ынтымақты (еңбек);
- жинақтау.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында қарт адамдардың арасында кедейліктің алдын алудың негізгі құралы ретінде 2005 жылдан бастап енгізілді. Бұған дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін, ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Енді оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.
Мысалы, еңбек өтілі 10 жыл және одан аз адамдар үшін базалық зейнетақы 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейін (2021ж. ЕТКД – 34302 теңге), яғни 18 523 теңгені құрайды. Әрбір келесі еңбек жылдары үшін 0,02 ЕТДК қосылады. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілі үшін базалық зейнетақы 0,74 ЕТКД = 25 383 теңгені құрайды. Еңбек өтілі 33 жылдан жоғары болса ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайтын болады немесе 34 302 теңгені құрайды.
Ынтымақты (еңбек) зейнетақы 1998 жылға дейін жұмыс істеген, сол кезде кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға есептеледі. 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап кез келген үш жылдың орташа айлық табысы және 1998 жылға дейін жинақталған жұмыс өтілі ескеріледі. Толық ынтымақты зейнетақы алу үшін еңбек өтілі: ерлер үшін – кемінде 25, әйелдер үшін – кемінде 20 жылды құрауы тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы міндетті жарналардан, кәсіби және ерікті жарналардан тұрады. Алғашқы екеуін жұмыс беруші, үшіншісін салымшының өзі аударады. Ақша филиалдары бүкіл елде орналасқан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ("БЖЗҚ" АҚ) келіп түседі.
Заңда ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табыстың (ОАТ) шекті мөлшері көзделген. Зейнетақыны есептеу үшін алынатын табыстың ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 46 АЕК-ті құрайды. Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін табыс 134 182 теңгені (46 АЕК х 2 917) құрайды.
Мүгедек адамдарға кресло-арбалар "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) бекітілген медициналық айғақтар бойынша беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар тұрғылықты жері бойынша өтінішті (қағаз немесе электрондық форматта), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне және қалалық немесе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімдері) ұсынады. Электрондық жүгінген жағдайда проактивті қызмет көрсетіледі.
Әмбебап арбаларға мыналар жатады:
1) белсенді түрі (әмбебап);
2) электр жетегі бар (әмбебап);
3) көп функциялы (әмбебап).
"Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 03 наурыздағы №61 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) сәйкес мүгедектерді оңалтудың:
1) негізгі қол жетегі бар бөлмелік кресло-арба; (7 жыл пайдалануға)
2) негізгі қол жетегі бар серуендеуге арналған кресло-арба (4 жыл пайдалануға)
3) иінтіректі жетегі бар серуендеу; (4 жыл пайдалануға)
4) әмбебап белсенді үлгідегі; (5 жыл пайдалануға)
5) электр жетегі бар (әмбебап); (5 жыл пайдалануға)
6) көп функциялы (әмбебап); (5 жыл пайдалануға).