Қазақстанда сыртқы жарнаманы қалай орналастыруға болады

Жүктеу

Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ақылы негізде жүзеге асырылады.

Төлемақы мөлшері жарнаманың орналастырылатын орнына, жарнама объектісінің сипаттамаларына және қолданыстағы салық заңнамасында белгіленген басқа да шарттарға байланысты болады.

Төлем жасау тәртібі

  1. Сыртқы жарнаманың орналастырылатын орнын және жарнама объектісінің сипаттамаларын анықтаңыз.

  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес қолданылатын төлемақы мөлшерлемесін нақтылаңыз.

  3. Тиісті кезең үшін төлемақы сомасын есептеңіз.

  4. Хабарлама жібергенге дейін жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеңіз.

  5. Төлем жасалғанын растайтын құжатты хабарламаға тіркеңіз.

  6. Кейінгі төлемдерді салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырыңыз.

Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы мен автомобиль жолының бөлінген белдеуінде жарнама объектісін орналастыруды келісу жөніндегі мемлекеттік қызмет үшін төлемақы — екі түрлі ұғым.

Келісу жөніндегі мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, алайда бұл заңнамада көзделген жағдайда сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеу міндетінен өздігінен босатпайды.

Жаңарту күні: Көру саны:756
  1. Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы