Қазақстанда сыртқы жарнаманы қалай орналастыруға болады

Жүктеу

Автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама орналастыруға келісуді қалай алуға болады

Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін белгіленген Қағидаларға сәйкес келісу алу қажет.

Қайда жүгіну керек

  • Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалдарына.

  • Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша — тиісті жергілікті атқарушы органдарға.

Онлайн режимінде келісуді қалай алуға болады

  1. eGov.kz порталына өтіп, тиісті маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы жарнаманы орналастыруды келісу жөніндегі қызметті таңдаңыз.

  2. Электрондық лицензиялау жүйесінде авторизациядан өтіңіз.

  3. Электрондық өтінішті толтырыңыз.

  4. Жарнама объектісі эскизінің электрондық көшірмесін тіркеңіз.

  5. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  6. Жеке кабинетте өтініштің мәртебесін қадағалаңыз.

  7. Жазбаша келісуді немесе дәлелді бас тартуды электрондық нысанда алыңыз.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет құны: тегін.

Нәтижесі: электрондық нысандағы жазбаша келісу немесе дәлелді бас тарту.

Автомобиль жолының бөлінген белдеуінде жарнама объектісін орналастыруды келісу Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 11-бабында көзделген жағдайларда сыртқы жарнаманы орналастыру туралы хабарламаны алмастырмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:785
  1. Автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама орналастыруға келісуді қалай алуға болады