Қазақстанда сыртқы жарнаманы қалай орналастыруға болады
ЖүктеуСыртқы жарнаманы орналастыру үшін қойылатын шарттар мен талаптар
Сыртқы (көрнекі) жарнама Қазақстан Республикасының жарнама, сәулет, қала құрылысы, автомобиль жолдары және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптары сақтала отырып орналастырылады.
Жарнаманы орналастырмас бұрын:
-
Жарнама объектісін орналастыру орнын анықтау.
-
Орналастырылатын ақпараттың сыртқы (көрнекі) жарнамаға жататынын немесе заңнама бойынша сыртқы жарнама деп танылмайтын мәліметтерге жататынын анықтау.
-
Жарнаманың мазмұнына, ресімделуіне, тілдеріне және қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды тексеру.
-
Жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберу қажеттігін анықтау.
-
Егер объект жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бөлінген белдеуінде орналастырылса, арнайы келісу қажеттігін тексеру қажет.
Сыртқы жарнамаға не жатпайды
Заңнамада белгілі бір маңдайшалар мен жұмыс режимі туралы ақпарат түрлерін қоса алғанда, жекелеген ерекшеліктер көзделген. Нақты ақпараттың жарнамаға жатқызылуы оның мазмұнына, орналастырылатын орны мен тәсіліне байланысты анықталады.
Жарнамаға қойылатын талаптар
Жарнама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге, тұтынушыларды жаңылыстырмауға және белгіленген тыйымдарды бұзбауға тиіс.
Автомобиль жолдарының маңында жарнама орналастыру кезінде жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет. Жарнама объектілері жол белгілерінің көрінуін шектемеуге, жол жүрісіне қатысушыларға кедергі келтірмеуге немесе жолдарды пайдалану жағдайларын нашарлатпауға тиіс.
Жарнама тілдеріне және ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
