Тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде қалай тіркелуге болады?

Жүктеу

Тіркелу үшін не қажет?

Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» цифрлық объектісі арқылы электрондық форматта тегін жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және өтініш берушінің жеке кабинетіне қол жеткізу қажет.

Қажетті құжаттар:

  • соңғы бес жыл ішінде меншігінде тұрғын үй болмаған жағдайда — белгіленген нысандағы электрондық өтініш;

  • жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған жағдайда — электрондық өтініш және аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының электрондық көшірмесі;

  • цифрлық жүйеде жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер болмаған жағдайда — электрондық өтініш және тиісті мән-жайларды немесе заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжаттар.

Жеке куәлік, неке, балалар және тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

  • 1 жұмыс күні — соңғы бес жыл ішінде меншігінде тұрғын үй болмаған жағдайда;

  • 3 жұмыс күні — жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған жағдайда;

  • 3 жұмыс күні — цифрлық жүйеде жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы қажетті мәліметтер болмаған жағдайда.

Құны: тегін.

Жаңарту күні: Көру саны:301
  1. Тіркелу үшін не қажет?