Тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде қалай тіркелуге болады?
ЖүктеуБас тартудың ықтимал себептері
Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
-
Өтініш беруші Бірыңғай республикалық электрондық базада есепте тұрса.
-
Өтініш берушінің соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі немесе жалғыз тұрғын үйдегі 50% және одан да көп үлесі болса немесе болған болса.
-
Өтініш берушіге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй не жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй пайдалануға берілсе.
-
Дәйексіз құжаттар немесе мәліметтер ұсынылса.
-
Өтініш беруші бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алып, оны жекешелендірсе.
-
Өтініш берушінің жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған, бірақ басқа елді мекенде орналасқан болса.
-
Өтініш беруші немесе оның отбасы мүшелері заңнамада көрсетілген мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғын үй сатып алған болса немесе сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша міндеттемелері болса.
Сондай-ақ Қағидаларда көзделген жағдайларда өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тұрғын үйінің немесе жалғыз тұрғын үйдегі 50% және одан да көп үлесінің болуы ескеріледі.
Бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген дәлелді хабарлама жіберіледі. Шешімге заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
