Тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде қалай тіркелуге болады?

Жүктеу

Қашан есептен шығарылуы мүмкін?

Тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Есептен шығару негіздеріне мыналар жатады:

  • тұрғын үйге мұқтаж деп тану негіздерінің жойылуы;

  • басқа елді мекенге тұрақты тұруға көшу;

  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу;

  • есепке қоюға негіз болған дәйексіз құжаттардың немесе мәліметтердің анықталуы;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату немесе шет мемлекетте тұрақты тұру құқығын растайтын құжатты алу;

  • Қағидалардың 19-тармағында көзделген өзге де негіздер.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін заңнамада есепте тұру құқығын сақтау ерекшеліктері көзделген.

Есептен шығару мәліметтерді тексеру нәтижелері бойынша проактивті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Есептен шығару негізі көрсетілген хабарлама шешім қабылданғаннан кейін он күн ішінде жіберіледі.

Азамат цифрлық объект арқылы есептен шығару туралы өтініш беруге де құқылы.

Маңызды! Есептен шығарылғаннан кейін қайта есепке қойылған жағдайда бұрынғы есепке қою күні сақталмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:266
  1. Қашан есептен шығарылуы мүмкін?