ҚР-да мемлекеттік және тәркіленген мүлікпен жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмі

Жүктеу

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға қалай алуға болады?

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Қағидаларда айқындалған.

Қағидаларға сәйкес Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, объектіні сенімгерлік басқаруға беру тендерлік негізде жүзеге асырылады.

Тендер – бұл www.e-qazyna.kz тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттықтар нысаны, мұнда құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару тендерлері бойынша өзекті ақпаратпен www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталынын «Senimde» сервисінде танысуға болады.

Жаңарту күні: Көру саны:30
  1. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға қалай алуға болады?