ҚР-да мемлекеттік және тәркіленген мүлікпен жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмі
ЖүктеуЭлектрондық сауда-саттық арқылы тәркіленген мүлікті қалай сатып алуға болады?
Кімдер пайдалана алады
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптарға сай келетін және мемлекет өткізетін электрондық сауда-саттыққа қатысу арқылы тәркіленген мүлікті сатып алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғалар.
1-қадам. Сауда-саттық өткізу туралы хабарландырумен танысыңыз
Тәркіленген мүлікті өткізу туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылады.
Хабарландыруда мына мәліметтер көрсетіледі:
мүліктің атауы;
объектінің сипаттамасы;
бастапқы бағасы;
кепілдік жарнаның мөлшері;
электрондық аукционның күні мен уақыты;
сату шарттары.
Нәтиже: сіз электронды аукционға қатысу үшін қызығушылық танытатын объектіні таңдадыңыз.
2-қадам. Веб-порталда тіркеліңіз
Электрондық аукционға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің Веб-порталында тіркелу қажет.
Тіркеу кезінде:
жеке тұлғалар үшін — ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлғалар үшін — БСН, заңды тұлғаның толық атауы, басшы туралы мәліметтер;
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік шот деректемелері;
байланыс деректері көрсетіледі.
Нәтиже: сіз Веб-порталда электрондық аукционның әлеуетті қатысушысы ретінде тіркелдіңіз.
3-қадам. Кепілдік жарнаны енгізіп, өтінім беріңіз
Электрондық аукционға қатысу үшін:
хабарландыруда көрсетілген мөлшерде кепілдік жарнаны енгізу;
Веб-портал арқылы электрондық өтінім беру қажет.
Өтінім беріліп, кепілдік жарна түскеннен кейін қатысушы электрондық аукционға жіберіледі.
Нәтиже: өтінім қабылданды, сіз электрондық аукционға қатысуға жіберілдіңіз.
4-қадам. Электрондық аукционға қатысыңыз
Белгіленген күні және уақытта электрондық аукционға веб-портал арқылы қатысыңыз.
Электрондық аукцион кезінде қатысушылар сатып алынатын мүліктің бағасын дәйекті түрде ұсынады.
Электрондық аукционды жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығы Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларына сәйкес барынша жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Нәтиже: электрондық аукционның жеңімпазы анықталды.
5-қадам. Электрондық аукцион нәтижелерін ресімдеңіз
Егер сіз электрондық аукционның жеңімпазы деп танылсаңыз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген Мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында белгіленген мерзімдерде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға және сатып алу-сату шартына қол қойыңыз.
6-қадам. Сатып алынған мүліктің құнын төлеңіз
Мүліктің құнын қолданыстағы Қағидаларда және жасалған сатып алу-сату шартында көзделген тәртіппен және мерзімдерде төлеңіз.
Енгізілген кепілдік жарна сауда-саттық шарттары мен Қағидалардың талаптарына сәйкес есеп айырысу кезінде ескеріледі.
7-қадам. Мүлікті қабылдап алыңыз
Төлем бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін тараптар қабылдау-тапсыру актісін қоса алғанда, қажетті құжаттарды ресімдейді. Мүлікті беру Қағидаларда белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Нәтиже: мүлік электрондық аукцион нәтижелері, сатып алу-сату шарты және мүлікті беру туралы құжаттар негізінде сатып алынды.
Нормативтік негіз: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 «Қылмыстық іс бойынша сот үкімінің мүлікті тәркілеу бөлігінің негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешімнің негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
