Көлік салығының берешегіне байланысты

Жүктеу

Көлік салығының берешегіне байланысты шот бұғатталса не істеу керек?

Егер көлік салығы бойынша берешек мәжбүрлеп орындатуға берілсе, сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өндіріп алу және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануы мүмкін.

Қандай шаралар қолданылуы мүмкін?

Атқарушылық іс жүргізудің мән-жайларына байланысты мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:

  • банк шоттарындағы ақшалай қаражатқа тыйым салу;

  • ақшалай қаражат пен мүліктен өндіріп алу;

  • жекелеген әрекеттерді жасауға шектеулер белгілеу;

  • заңда көзделген негіздер болған жағдайда Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою.

Аталған шаралар кез келген берешек сомасына автоматты түрде қолданылмайды, олар атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Банк шотына тыйым салынса, не істеу керек?

1-қадам. Тыйым салу себебін анықтаңыз

Банктен тыйымды қай орган немесе сот орындаушысы салғанын және оның қандай атқарушылық құжат негізінде қолданылғанын нақтылаңыз.

2-қадам. Атқарушылық іс жүргізуді тексеріңіз

Атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АІЖО ААЖ) арқылы тексеруге болады:

https://aisoip.adilet.gov.kz/

3-қадам. Берешек сомасын тексеріңіз

Негізгі салық берешегінің, есептелген өсімпұлдың және бар болған жағдайда атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстардың сомасын нақтылаңыз.

4-қадам. Берешекті өтеңіз

Берешекті ресми төлем сервистері немесе атқарушылық іс жүргізу бойынша көзделген төлем тәсілі арқылы төлеңіз.

Қажет болған жағдайда төленуге тиіс соманы және қолданылған шектеулерді алып тастау тәртібін нақтылау үшін сот орындаушысымен байланысыңыз.

5-қадам. Тыйымның алынғанын тексеріңіз

Берешекті өтегеннен кейін сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізудің мәртебесін және тиісті шаралардың күшін жою туралы қаулының бар-жоғын нақтылаңыз.

Егер берешек төленгенімен, тыйым сақталса, төлемді растайтын құжатты ұсынып, оның орындалуын тексеру үшін сот орындаушысына жүгініңіз.

Қосымша шығыстар

Берешек мәжбүрлеп орындатуға берілген жағдайда атқарушылық әрекеттерді жасау бойынша шығыстар және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстар туындауы мүмкін.

Олардың мөлшері мен өндіріп алу тәртібі Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасымен айқындалады.

Маңызды! Егер есептелген салық сомасымен келіспесеңіз немесе берешек қате есептелді деп санасаңыз, есеп айырысуларды салыстырып тексеру үшін мемлекеттік кірістер органына жүгініңіз. Сот орындаушысының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

Жаңарту күні: Көру саны:83
  1. Көлік салығының берешегіне байланысты шот бұғатталса не істеу керек?