Көлік салығының берешегіне байланысты

Жүктеу

Егер де салықты уақытында төлемесе не болады?

Егер жеке тұлға көлік құралдары салығын белгіленген мерзімде төлемесе, салық берешегі пайда болады.

Берешекті өндіріп алу қалай жүзеге асырылады?

1. Өсімпұл есептеу

Салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен бастап бересі сомасына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін өсімпұл есептеледі.

2. Хабарлама жіберу

Мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаға салық берешегі туралы хабарлама жібереді.

3. Салық бұйрығын шығару

Егер берешек сомасы 1 АЕК-тен асса және хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін берешек өтелмесе, мемлекеттік кірістер органы берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.

Салық бұйрығы жеке тұлғаға шығарылған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

4. Мәжбүрлеп орындатуға беру

Егер берешек өтелмесе, салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей мәжбүрлеп орындату үшін тиісті әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.

5. Өндіріп алу шараларын қолдану

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысы заңнамада көзделген шараларды, оның ішінде борышкердің ақшалай қаражаты мен мүлкінен өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Салық берешегін қайдан тексеруге болады?

Есептелген салық, өсімпұл және берешек сомасын мына сервистер арқылы тексеруге болады:

Берешекті қалай өтеуге болады?

  1. Негізгі берешек пен есептелген өсімпұл сомасын тексеріңіз.

  2. Берешекті қолжетімді мемлекеттік сервис немесе банк арқылы төлеңіз.

  3. Төлемді растайтын құжатты сақтаңыз.

  4. Берешек туралы мәліметтердің жаңартылғанын тексеріңіз.

Маңызды! Егер берешек мәжбүрлеп орындатуға берілген болса, атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын және оған байланысты шығыстарды қосымша тексеріңіз.

Жаңарту күні: Көру саны:53
  1. Егер де салықты уақытында төлемесе не болады?