Әскери қызметкерлерге курорттық емдеуді қалай алуға болады?
ЖүктеуСКҰ картасын алыңыз
Жолдаманы алғаннан кейін әскери қызметші санаторийлік-курорттық картаны ресімдеу үшін әскери-медициналық мекемеге немесе медициналық бөлімшеге жүгінуі қажет.
Ресімдеу тәртібі
-
Санаторийлік-курорттық емдеуге жолдамамен емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
-
Дәрігердің тағайындауы бойынша медициналық тексеруден және қажетті зертханалық әрі аспаптық зерттеулерден өтіңіз.
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 069/е нысаны бойынша санаторийлік-курорттық картаны алыңыз.
-
Санаторийлік-курорттық ұйымға келу күнін және қабылдаушы ұйымның талаптарын нақтылаңыз.
Санаторийге бару үшін қажетті құжаттар
-
№ 723 Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емдеуге жолдама;
-
069/е нысаны бойынша санаторийлік-курорттық карта;
-
әскери қызметшінің медициналық кітапшасы.
Жолдама берер алдында дәрігер санаторийлік-курорттық емдеуге медициналық көрсетілімдердің бар-жоғын және қарсы көрсетілімдердің жоқтығын тексереді.
