Әскери қызметкерлерге курорттық емдеуді қалай алуға болады?

Жүктеу

Жолдама алыңыз

1. Баянат беріңіз
Әскери қызметші санаторийлік-курорттық емделу қажеттілігін растайтын медициналық құжаттарды қоса тіркеп, бағыныстылық тәртібімен баянат береді.
2. Құжаттардың қаралуын күтіңіз
Әскери қызметшілерді санаторийлік-курорттық емдеуге жіберу үшін іріктеуді әскери бөлімде немесе мекемеде құрылған комиссия жүзеге асырады.
Құжаттарды қарау кезінде медициналық көрсетілімдер, тексеру нәтижелері және емделу қажеттілігі туралы мәліметтер ескеріледі.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
3. Санаторийлік-курорттық қызметтерді бөлу
Бас әскери-медициналық басқарма емделуге мұқтаж әскери қызметшілердің жиынтық тізімін қалыптастырады.
Сатып алынған санаторийлік-курорттық қызметтер мұқтаждар тізіміне енгізілген әскери қызметшілердің санын ескере отырып, әскери бөлімдер мен мекемелер арасында бөлінеді.
Бөлінген орындар мен келу кестесі туралы ақпарат тиісті әскери бөлімдер мен мекемелерге жеткізіледі.
4. Жолдама алыңыз
Комиссияның оң шешімінен кейін және санаторийге келу орны мен күні анықталған соң әскери қызметшіге № 723 Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емдеуге жолдама ресімделеді.
Емделуге жіберілетін әскери қызметшілердің тізімдері санаторийге келу күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын Бас әскери-медициналық басқармаға ұсынылады.

Жаңарту күні: Көру саны:33
  1. Жолдама алыңыз